Әлем • 27 Наурыз, 2020
Швейцарияда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілгеннен бері, Елшілік 26 азаматымыздың Швейцариядан Мәскеу, Ыстамбұл және Минск арқылы Қазақстанға қайтуына ықпал етті, олардың ішінде 18 қазақ студенттері. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Қауіпті бағаламау – жауапсыздық әрі заң бұзғанмен тең - Б.Сағынтаев (видео)
Коронавирустың таралуына байланысты жағдай біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі болып отыр. Бұл туралы әкім осы сәттердегі онлайн-брифингте айта келе, карантин режимін күшейту үшін қосымша шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақы алуға құжаттар қабылдау басталды
Алматыда бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдай салдарынан табыстарынан айрылған қазақстандықтарға ең төменгі жалақы (42,500 теңге) мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алуға құжаттар қабылдау басталды. Төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін онлайн-брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасарлары Данияр Әлкебайұлы мен Айнұр Мұқажанова мәлімдеді.
Елорда • 27 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтанда тегін 300 000 маска таратылады
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында диспансерлік есепке алынған онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар, жүкті әйелдер, жасы 65-тен асқан азаматтар маскамен қамтылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әлем • 27 Наурыз, 2020
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88 адамға жетті
Өзбекстанда вирус жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Бұл туралы Uz.news агенттігі хабарлады.