Өнер • 22 Наурыз, 2024
Әлемнің қолөнер шеберлері Астанада
Наурыз мерекесіне орай Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрме орталығында жәрмеңке өтіп жатыр. 21-23 наурыз аралығында елорда тұрғындары мен қонақтарына есігін айқара ашатын «Наурыз базары» халықаралық жәрмеңкесінде жергілікті қолөнер шеберлері мен ісмерлер. Түркия, Иран, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресейдің Башқұртстан, Татарстанынан келген шеберлер де өз бұйымдарын ұсынады.
Дәстүр • 22 Наурыз, 2024
Биыл қоңыр күзде Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. 20 спорт түрінен 110 медаль жиынтығы үшін додаға кіретін спортшылар апта бойы елорданы дүбірге бөлейді. 10 жыл бұрын Қырғызстан елі бас болып ұйымдастырған алғашқы аламан 10 ұлттық ойын түрінен ғана ұйымдастырылса, екі жылдан кейін өткен дала додасына 26 спорт түрінен 62 елдің спортшылары қатысты. 2022 жылы Түркияның Изник қаласы сән-салтанатын асыра өткізген Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына 102 елден 3 мыңнан аса спортшы қатысып, 13 спорт түрінен медальдар жиынтығын бөлісті. Жылдан-жылға жаңарып, түлеп, түрленіп келе жатқан көшпелілер ойындары бүгінде қай құрлыққа да мәшһүр. Биыл біздің елде болатын Ұлы дала додасына ынта танытқан елдердің қатары 100-ден әлдеқашан асып кетті.
Оқиға • 22 Наурыз, 2024
Шарын өзенінде 7 адам құтқарылды
22 наурыз күні Алматы облысы Ұйғыр ауданында 7 демалушы құтқарылды. Олар Шарын өзенінің басқа жағалауына өтіп кетіп, өз беттерінше кері қайта алмаған, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Наурыз, 2024
Құран аятына сүйенсек, бұл дүниеде барлығы өлшеулі. Ал ғылымның мақсат-мұраты – осы өлшеулі дүниенің қисап-қисынын табу. Абайша айтсақ, өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс. Ғалым Ақжан Машанидің «Көп замандар қыздырманың қызыл тіліне қалыптасып қалған біраз адам ол есептерге үрке қарайтын да болар. Бірақ «жалғандыққа ермей, тура жолға шығам» деген жанға сол есептер зор таяныш болар» деген сөзі ойымызды қуаттап, санамызға сәуле түсіріп тұр. Осы қағидамен біз де Наурыз мерекесінің математикалық һәм астрономиялық дәлел-дерегін ғалымдар Ғұзыхан Ақпанбет пен Мыңбай Ысқақовтың еңбектері бойынша зерделеп көрдік.
Табиғат • 22 Наурыз, 2024
Қырдың сәні – бәйшешек пен қызғалдақ
Бәйшешек пен қызғалдақты ата-бабаларымыз көктеммен, махаббатпен, құнарлылықпен, өмірдің жаңаруымен, тіршіліктің мәңгілік циклімен байланыстырған. Наурызнамада қызғалдақтың басты рәміз болып бекітілуі көпшіліктен қолдау тапты. Әсіресе көктем ерте шығатын, яғни дала гүлдерінің, оның ішінде бәйшешек пен қызғалдақтың сұлулығына алғаш болып көз құмарын қандыратын Түркістан өңірінің халқын қуантып отыр.