Тарих • 21 Наурыз, 2025
Ағылшын діндарлары кезіктірген қазақтар
Ағылшын тілінде жарияланған деректерді оқырманға дәл жеткізу оңай емес. Қазақ тілінің бай мазмұнына, тілдің шұрайлылығы мен табиғи болмысына жүгінуге тура келеді. АҚШ-та тағылымдамадан өткен тұста осыны айқын байқадық. Арлиңтон қаласындағы үйіміздің астында жұмыс істеуге арналған жеке кабинеттер бар еді. Сол жерде әр күні кеште 3 сағат шамасында отырып, кітапханадан әкелген ұлтымызға қатысты деректері бар ескі кітаптарды зерделеймін. Есімін ұмытқан бір данышпанның «қолына жақсы кітап түскен адамның жалғызсырауы мүмкін емес» дегені осындайда ойға қуат, бойға күш қосатыны да рас.
Руханият • 21 Наурыз, 2025
Ақпарат және мәдениет министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейі және Торғайдың «Жанкелдин музейлер кешенінің» ұйымдастыруымен Астанада «Қазақ рухын оятқан тұлға» атты дөңгелек үстел өткізіліп, көрме ашылды. Дөңгелек үстелге модераторлық еткен Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы Алаш арысы, ұлтының болашағы үшін басын қатерге байлап пассионарлық қызмет жасаған Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына байланысты іс-шаралардың бастау алып, еліміз бойынша жаппай атап өтілетініне сенім білдірді.
Ұстаз • 21 Наурыз, 2025
Наурыз мерекесінің бір шарты – ұстаз тәліміне, өнегесіне құрмет болу керек деп ойлаймыз. Ұлт салт-дәстүрі, жаңарудың пәлсапасы осыны талап етеді.
Сұхбат • 21 Наурыз, 2025
Жадыра Құтжанова, айтыс ақыны: Мен үшін бағалы сыйлық – халықтың ықыласы
Өткен ғасырдағы сексенінші жылдардың ортасынан айтыс өнері жаңаша дамыды. Арқалы ақындар шоғыры қалыптасты. Солардың ішінде жарқылдап көзге түскен Жадыра Құтжанованың орны бөлек. Ол әуезді үнімен, әдемі мақамымен, өжет мінезімен халықтың жүрегіне бірден жол тапты. 1989 жылы Алматыдағы Республика сарайында өткен халықаралық айтыста ақ боз ат мінді. Содан бері де біраз жыл жөңкіліп өтті. Бірақ жұрт Жадыраны ұмытқан жоқ. Біз бүгін Наурыз мерекесінде сонау жылдары төл өнерімізге өзгеше өрнек қосқан танымал айтыс ақыны, Мәдениет саласының үздігі, бірнеше халықаралық, республикалық айтыстың жүлдегері Жадыра Құтжановамен жолығып, өмірі мен өнері туралы әңгімелестік.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2025
Көгалдандыру – экологияны жақсарту
Жетісуда Наурызнама онкүндігі аясында 5 мың түп ағаш отырғызылды. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев бастаған қала тұрғындары мен зиялы қауым ашық алаңдар мен саябақтарға ағаш көшеттерін егіп, тазалық жұмыстарын жүргізді.