Мәдениет • 22 Сәуір, 2025
Еревандағы еліміздің мәдени күндері
Армения Республикасында өткен Қазақстанның мәдени күндері аясында Арам Хачатурян атындағы концерт залында отандық өнерпаздардың гала-концерті өтті. Ауқымды мәдени іс-шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереван қаласына жасаған ресми сапары барысында Мемлекет басшылары арасындағы келісімдер нәтижесінде ұйымдастырылды.
Құқық • 22 Сәуір, 2025
Сот орындаушыларына сенім неге азайды?
Елімізде жеке сот орындаушыларына қатысты азаматтардың шағымы екі есеге артқан. Жұрт көбіне құқықтарының бұзылатынына, қаражаттың кеш аударылатынына, сот орындаушыларының әрекетсіздігіне наразы болған. Әділет министрлігінің мәліметінше, былтыр мұндай 89 мыңнан аса шағым түскен. Аталған мәселе Мәжілісте өткен Үкімет сағатында жан-жақты талқыланды.
Туризм • 22 Сәуір, 2025
Тау шаңғысы туризмін дамытуға ниетті
Премьер-министр Олжас Бектенов «PGI Management» компаниясының президенті Джоан Виладоматпен тау шаңғысы туризмін дамытудағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді. Жиында Алматы тау кластеріне көңіл бөлінді.
Тағзым • 22 Сәуір, 2025
Төле бидің батасын алған батыр
Қазақ жерін жоңғар шапқыншылығынан қорғауда көзге түсіп, Төле бидің батасын алған, қазақ халқының тағдырын шешкен, тарихшылар тарапынан «ғасыр шайқасы» аталған, атақты Аңырақай шайқасында ержүректігімен даңқ пен халқының сүйіспеншілігіне бөленген қазақтың бірегей батырының бірі – Сәмен Дәненұлының туғанына 320 жыл толып отыр.
Тарих • 22 Сәуір, 2025
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты айналысып жатқан «Қазақстандағы 1931–1933 жылдардағы жаппай ашаршылықтың куәгерлері мен олардың ұрпақтары естеліктерінің топтамасын дайындау және басып шығару» жобасы бойынша ғылыми-іздестіру жұмыстары барысында ХХ ғасырдың бірінші жартысында нәубетпен бетпе-бет келген талай тағдырмен танысудың сәті түсті. Аталған ғылыми жоба аясында киелі Түркістан жеріне де ат басын бұрып, өңірдегі жергілікті тарихшылармен, көнекөз қариялармен кездесіп, ашаршылық, Созақ көтерілісіне қатысты аласапыран заманның куәгерлерінің ұрпақтарымен сұхбаттасқан едік.