Өшпес даңқ • 22 Сәуір, 2025
Ерлігі лайықты бағаланбаған танкист
Екінші дүниежүзілік соғыс шындығы әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Басқасын былай қойғанда, жасанған жауға бірлесе қайрат көрсеткен одақ құрамындағы аз ұлт өкілдерінің от бүркіп тұрған майдан өтіндегі ерлігі елеусіз қалып келгені көңілге қаяу салады. Солардың бірі – Берлинге алғаш танкпен кірген Айтмағамбет Нақыпов.
Музей • 22 Сәуір, 2025
Жауынгерлік рухты жаңғыртқан музей
Ертіс-Баян өңіріндегі Әскери даңқ музейі – ата-бабамыздың әскери рухын тірілткен, ел қорғау жолында тарихта есімдері қалған қаһармандардың ескерткішіндей. Музейде бүгінде 300-ден аса жәдігер сақтаулы тұр.
Өшпес даңқ • 22 Сәуір, 2025
Тарих таразысы соғыс салған жараның тереңдігін уақыт өте келе анықтап береді. Қан майданда от кешкен ерлердің ерлігін ұмытпай, ұрпақ санасына сіңіру – тарихи әділеттің талабы, елдіктің белгісі. Осы орайда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ерен ерлігімен көзге түскен жауынгер, Түркістан облысының Созақ ауданына қарасты Сызған ауылында 1924 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген Қыдырәлі Дүйсебековті ерекше ілтипатпен еске аламыз.
Айбын • 22 Сәуір, 2025
Тәуелсіздік алып, төл Қарулы күштерін құрғаннан кейін еліміздің алдында әскери қауіпсіздіктің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде әскери-техникалық мамандарды даярлау қажеттілігі туды.
Спорт • 22 Сәуір, 2025
24 сәуірде Таиландтың астанасы – Бангкокта дзюдодан Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Бес тәулікке созылатын бәсекелер барысында 30-дан аса мемлекеттен келген 300-ге тарта балуан бақ сынайды. Олардың қатарында Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттары, басқа да дүбірлі додаларда дараланған дарабоздар да бар.