Денсаулық • 29 Сәуір, 2025
Ауылға барған дәрігерлерге 8,5 млн теңге беріледі
Бүгін, 29 сәуірде Үкіметте өткен отырыста ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге көлемінде ынталандыру төлемі берілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2025
Ұлытау облысында пробация есебінде 300 адам бар
Соның ішінде 140 адам облыс орталығы Жезқазған қаласының пробация қызметінде тіркелген. Шартты түрде жазасын өтеушілердің қайта қылмысқа баруына жол бермеу мақсатында жылына бірнеше рет кездесу өткізіліп тұрады. Осы жолғы жиынға Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармас, Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура өкілдері қатысты. Жиында қылмыстық есепте тұрған азаматтарға көмек көрсету мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 29 Сәуір, 2025
Мына бір әңгіме М.Әуезов атындағы Әдебиет өнер институтының қорында сақталыпты. Сілтемесі – Қ.866, 2-3 дәптер. Жазбаны қорға 1976 жылы айтыскер ақын, әнші, өнертанушы һәм Қазақстаның еңбек сіңірген әртісі Ғали Дүйсеков (1900-1978) деген адам тапсырыпты.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2025
EXPO 2025 көрмесінде Қазақстан 100 мыңыншы қонағын қарсы алды
EXPO 2025 Osaka дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны 100 мыңыншы келушіні қарсы алды. Ол – Нара қаласының 37 жастағы тұрғыны, жапондық Жеке қаржылық бастамалар қауымдастығының жоба менеджері Акиба Акихито, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 29 Сәуір, 2025
«Социалистік Қазақстан» газетінің 1944 жылғы 28 наурыз күнгі № 62 (6567) санына екінші дүниежүзілік соғыстың қаһарманы гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының «Серігім» атты жоқтау жыры жарияланыпты.