Саясат • 20 Сәуір, 2024
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы, Қырғыз Республикасының Батыры, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Медетқан Шеримкуловпен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда екі елдің зиялы қауымының рөлін және халықаралық алаңдардағы бірлескен іс-қимыл аясындағы мәселелерді талқылады.
Саясат • 20 Сәуір, 2024
Қарым-қатынастың алтын арқауы – еншісі бөлінбеген бауырластық
Кеше Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғыз Республикасының Президентін Ақордада салтанатты жағдайда қарсы алды. Келіссөз алдында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұраны шырқалды.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2024
Айдан-айға жалғасатын «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шығыс жұрты жаппай сенбілікке шығып жүр. «Киелі мекен» деп өңірдегі тарихи жерлерді қоқыстан тазартып, жасыл желек екті.
Зерде • 19 Сәуір, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы аясында ІІІ халықаралық Фараби форумы өтті.
Қоғам • 19 Сәуір, 2024
«Astana Eurasian Book Fair – 2024» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің аясында төрт кітаптың тұсаукесер рәсімі болды. Мемлекет және қоғам қайраткері, академик, Сенат депутаты Дархан Қыдырәлінің «Тамыр» және «Абыздар аманаты», профессор Серік Негимовтің «Шешендік өнер», әдебиет сыншысы, публицист Амангелді Кеңшілікұлының «Жүректің сөзі» кітаптары таныстырылып, авторлары еңбектерінің негізгі баянына тоқталып, оқырмандарына қолтаңба берді.