Руханият • 19 Сәуір, 2025
Журналистиканың өз заңы, өз жолы, өз биігі бар. Бұл жол ең әуелі ұстаздың жүрегінен басталады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ерекше кездесу – соның дәлелі. Журналистика факультетінің негізін қалаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашұлының 75 жасқа толуына әрі факультеттің жеке құрылым болып қалыптасқанына 15 жыл болуына орай ұйымдастырылған еркін кездесу өтті.
Қоғам • 19 Сәуір, 2025
Ұлттық кітап күні: ой мен орам
Рухани, мәдени иммунитеті мықты елдің іргесі де берік, сапасы да жақсы болары сөзсіз. Оқитын ұлт қалыптастыру жолында Мемлекет басшысы да бірқатар бастама көтеріп, тікелей назарында ұстап отыр. Үшінші Ұлттық құрылтайда барша халықты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға шақырғаны да есте.
Зерде • 19 Сәуір, 2025
Жұрт үшін жанын шүберекке түйген
Арамыздан кеткеніне сексен жылдан астам уақыт өтсе де, Маңғыстау халқы үшін Оразмағамбет Тұрмағамбетұлының есімі аяулы. Біреу оны кен іздеген кемеңгер десе, біреу ағартушы, үшіншілері басы ауырып, балтыры сыздағанға қолұшын беретін емші, төртіншілері үлкен діни ғұлама есебінде біледі. Әрине, бұлардың бәрі де тек айтыла салған әңгіме емес еді. Өйткені ол көзінің тірісінде осы айтылған салалардың қай-қайсысын да жете меңгерген болатын. Ең бастысы, Оразмағамбет – елінің азаттығы жолында аянбай күрескен қайраткер, Маңғыстау өлкесіндегі Алашорда ұйымының белсенді мүшесі.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2025
Қазір Қызылорда облысы жолдарының сапасы жақсы. Былтыр облыста жол құрылысын дамытуға 44,7 млрд теңге бөлініп, 300 шақырымнан аса жол жөндеуден өткізілді. Осының арқасында жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты. Биыл оның үлесін арттыра түсу жоспарланып отыр.
Архив • 19 Сәуір, 2025
Соғыс деректері – архив құжаттарында
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы ардагерлері – ғалымдардың ерлігі архив құжаттарында» тақырыбында конференция ұйымдастырып, «Мәңгілік естелік» атты фотосурет көрмесін өткізді.