Мәселе • 17 Сәуір, 2026
Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру
Еліміздің солтүстік және батыс өңірінде қазақтың тарихи-мәдени мұра нысандары көп. Олардың бірнешеуі тізімге алынғаны болмаса, бұрын ғылыми тұрғыдан зерттелмеген. Қазір табиғи және антропогендік әсердің себебінен бұл ескерткіштер тозып, жойылып барады. Оларды шұғыл қорғауға алып, археологиялық және этнографиялық зерттеу жұмысын жүргізбесек, кеш болады.
Әдебиет • 17 Сәуір, 2026
Өмірде кез келген дүниенің шеті мен шегі барын білеміз. Сол шекарамен өмір сүреміз. Тек адамның ой-қиялы ғана шексіз, шетсіз ғаламға ұшады. Адам аяғы баспаған нүктеге, қолы тимеген ғажайыпқа ең алдымен ойы жетеді. Тынымбай Нұрмағанбетовтің Шашубайы да («Шашубай» әңгімесінен), міне, отбасы, ошақ қасында қолтығына жастығын қысқан күйі жаз шықса, там саламын деп армандап отыр. Өзі темір пештің жанында жантая жатса да ойша іргетасы да құйылып, кірпіші де қаланып, шатыры да еш әуресіз жабылып жатыр.
Зерде • 17 Сәуір, 2026
Жамаледдин Бейсенов – Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған қазақтың жаңа үлгідегі білім жүйесінің алғашқы легінде тұрған, ағартушылық мұратты өміріне серік еткен тұлға. Қостанайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде білім алып, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін тәмамдаған ол бар саналы ғұмырын ел баласын оқытуға, қазақ қоғамының көзін ашуға арнады. Ыбырай Алтынсариннің шәкірті әрі ізбасары Ж.Бейсенов педагог, жазушы Спандияр Көбеевті алғаш мектепке жетелеп, оқу үйретіп, білім берген. Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» мемуарлық романында: «Жамаледдин Бейсеннің баласы еді. Орынборда оқытушылар даярлайтын мектепті бітіріп шыққан жас оқытушы болатын. Бағымызға қарай, Жамаледдин де, Досмағұл да, тіпті Ыбырайдың өзі де келіпті.
Тұлға • 17 Сәуір, 2026
Елін, жерін, Отанын сүйген, әділ, өз сөзіне берік, ар-намысы биік, ауыртпашылық пен жауапкершілікті бірдей көтергендер ғана құрмет пен абыройға бөленеді. Ала-құла тіршілікте өмір сынынан адаспай өту, жүректе ұялаған арманға жету екінің бірінің қолынан келе бермейтіні хақ. Бүгін есімі елімізге әйгілі болған абзал азамат Қуат Есімханұлы жөнінде айтпақпыз.
Әдебиет • 17 Сәуір, 2026
«Айқап» журналында жарияланған алғашқы өлең кімдікі екенін білесіз бе? Журналдың ең алғашқы №1 санында Ыбырайдың өлеңі басылды. Өлеңге «Марқұм Ыбырай Алтынсарин сөзі» деген түсініктеме берілді. Ал сол кездегі көзі тірі ақындардан алғаш жарияланған Мағжан Жұмабаевтың «Жатыр» өлеңі еді. Мағжанның жыры «Айқаптың» №2 санында жарияланды.