Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер
Тоқсан жылдан бері орта және кіші буын медицина қызметкерлерін дайындап келе жатқан Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде «Гиппократ», «Добромед», «Мейірім» волонтерлік топтары белсенді жұмыс істейді. Алғашқы екеуі паллиативті көмекке мұқтаж, төсекке таңылған науқастарға күтім жасау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, алғашқы медициналық көмекті үйрету бағытында жұмыс атқарса, соңғысы қайырымдылық шаралар өткізумен айналысады.
Медицина • 17 Сәуір, 2026
Нейрохирургия: бүгіні мен болашағы
Жыл сайын сәуір айында Дүниежүзілік нейрохирургтер күні аталып өтеді. Кәсіби мереке нейрохирургияның негізін қалаушылардың бірі, америкалық ғалым Харви Уильямс Кушингтің құрметіне белгіленген. Ол – мидағы ісіктерді хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін дамытып, нейрохирургияны дербес сала ретінде қалыптастыруға үлес қосқан тұлға. Содан бері ғасырға жуық уақыт өтіп, нейрохирургия дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Аңдатпа • 17 Сәуір, 2026
21 сәуір - «Бес бойдаққа бір той» М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясы қойылады. Режиссері – Әубәкір Рахимов.
Жастар • 17 Сәуір, 2026
Тайм-менеджмент және талапты студент
Тайм-менеджментті пайдаланып, білім алумен қатар кәсібін де дамытуды мақсат еткен студенттің тәулік бойғы іс-әрекеті жоспарланған. Халықаралық қазақ-түрік университеті спорт факультеті, дене мәдениеті кафедрасының 4-курс студенті Мейірлан Досжанов грантта оқиды. Биыл университетті тәмамдағаннан кейін мамандығы бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Дегенмен студент өз ортасына табысты әрі алға қойған мақсат-жоспары көп кәсіпкер ретінде танылып үлгерді.
Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Қара жол қателікті кешірмейтіні баршаға мәлім. Түн ауса, қала көшелерінде көлікпен құстай заулайтын «шумахарлердің» желпініп жарысқа түскенін талай көрдік. Жылдамдықты шектен тыс асырудың салдарынан қанша адам бақилық болды? Облыстық полиция департаментінің басшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында біраз шараны қолға алып, жұмыс істеп жатыр. Әйтсе де, жол үстідегі жүгенсіздік азаяр емес.