Несие • 17 Сәуір, 2026
Банктерден, микроқаржы ұйымдарынан несие алу қазақтың «бас ауруына» айналғалы қашан? Ресми деректерге жүгінсек, ел азаматтарының жартысынан астамы (50,7%-ы) кредиттің «дәмін татқан». Әсіресе 22–29, 50–62 жас аралығындағы азаматтар банктерге жиі қарызданады екен.
Медицина • 17 Сәуір, 2026
Көптің алғысына бөленген дәрігер
Қарбалас тіршілікте азаматтық ұстанымына, кәсіби міндетіне дақ түсірмей жүрген жақсы-жайсаңдармен жиі ұшырасамыз. Халықтың батасын алған осындай азаматтардың қатарына жоғары санаттағы хирург-уролог, медицина ғылымдарының докторы Сүният Құсымжановты қоссақ әбден болады. Ол – «Академик Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ бөлім меңгерушісі, профессор, «Алтын қандауыр» сыйлығының лауреаты.
Медицина • 17 Сәуір, 2026
Кейуанаға күрделі операция жасады
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігерлер 95 жастағы науқасқа бірегей жоғары технологиялық күрделі операция жасады. Пациенттегі аорталық қақпақша транскатетерлік әдіспен (TAVI) ауыстырылды. Операция науқастың кеуде қуысын ашпай, жүрек соғысын тоқтатпай жүргізілуімен ерекшеленді. Мұндай операция жыл басынан бері үш науқасқа сәтті жасалғаны қуантады.
Сұхбат • 17 Сәуір, 2026
Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген
Жуырда Мәжіліс «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Себебі кейінгі жылдары елімізде қаңғыған жануарлар мәселесі ушығып кетті. Шағым да азаймай тұр. Аталған заң жобасындағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Анас БАҚҚОЖАЕВ сұхбат барысында жан-жақты түсіндіріп берген еді.
Саясат • 17 Сәуір, 2026
Қаржы ұйымымен келелі келіссөз
Еліміз Дүниежүзілік банкке тұрақты экономикалық өсу мәселесіне арналған арнайы конференция өткізуді ұсынды. Вашингтонда өткен «Қазақстан реформалар толқынында» дөңгелек үстелінде ел экономикасының жаңа даму бағыты таныстырылды.