Саясат • 17 Сәуір, 2026
Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит
Түркияның Ыстанбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-Ассамблеясы өтті. Әлемнің 155 елінен делегаттар қатысқан алқалы жиында «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбы талқыланды. Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.
Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Кекілбаев тұлғасына арналған кітап
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ғимаратында мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен қызмет жолына арналған «Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және академия қызметкерлері қатысты.
Саясат • 17 Сәуір, 2026
Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар бірқатар заңды құжатты мақұлдады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарт пен еліміздің Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды.
Тағзым • 17 Сәуір, 2026
«Даламның иісі бұрқырап, Қарттарым, аман-сау жүрші». Бұл – ақиық ақын Сағи Жиенбаевтың өлеңі. Досхан Жолжақсынов осы өлеңге ән шығарғанда «Далада иіс бола ма?» деп ойлаушы ем. Сөйтсем, болады екен. Ол жусан иісі, ол апам жаққан ошақтың иісі, ол жалбыздың, қарағайдың, сағыздың иісі екен. Есағам... Есмұхан Обаев – Қазақстанның халық әртісі, профессор, осындай ошақ жаққан өңірде өмірге келген. Тәңіртаудың етегінде, Кегенде туған, ержеткен.
Тағзым • 17 Сәуір, 2026
Қазақ театры тағы бір асылынан айырылды. Асанәлі ағамыздың қазасына қабырғамыз қайысып, мұңнан арыла алмай жүргенде Есмұхан ағамыздың дүниеден өтуі – бізге орны толмас қайғы.