Тағайындау • 18 Сәуір, 2025
Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды
Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі болып Жанасыл Шаукентаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Өшпес даңқ • 18 Сәуір, 2025
Жеңіс күні қарсаңында «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімі өтті
Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Елшілігі Софиядағы Ресейлік мәдени-ақпараттық орталықта қазақстандық «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының өкілдері және болгар киносүйер қауымы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 18 Сәуір, 2025
«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында еліміздің деректі мұраларын сақтау бағытындағы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырма берген болатын. Осы бастамаға орай «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Ерлан Қарин cарапшылармен жиын өткізді
Басқосуды Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Кездесуге Андрей Чеботарев, Алуа Жолдыбалина, Талғат Қалиев, Айгүл Сәдуақасова, Никита Шаталов, Қарлығаш Жаманқұлова, Ғазиз Әбішев, Айгүл Забирова, Нұрбек Матжани, Жанар Санхаева, Әмина Үрпекова секілді белгілі саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Сәуір, 2025
Қазақстандық гимнасттар Әлем кубогының финалына жолдама алды
Спорттық гимнастикадан Дохада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары жарқын нәтиже көрсетіп, екі гимнаст финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.