Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Қазақстанда алғаш рет FPV-дрон операторларының жарысы өтті
2025 жылғы 17 сәуірде ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен «Майлан» далалық оқу орталығында елімізде алғаш рет FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race атты турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Енді жергілікті бюджеттің борышы үшін әкімдер жауап береді
Қазақстанда өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Бұл жұмыстарды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы негізінде жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Жаңаөзенде бір топ жасөспірім оқушы мен әкесін ұрған
Оқиға 2025 жылдың 17 сәуірі күні кешкі уақытта зардап шеккен оқушының үйінің жанында болған. Баласына көмекке келген әкесіне де бұзақылар шабуыл жасап, ауыр дене жарақаттарын салған. Ер адам аяқ сүйегінің сынуы салдарынан ауруханаға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күрес • 18 Сәуір, 2025
Азия додасында балуандар 27 жүлде еншіледі
Самбодан жастар арасында Азия және Тынық мұхит чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.