Еңбек • 18 Сәуір, 2025
Карьер басшысына құрмет ерекше
Жылдың қай мезгілінде болсын бел жазбай еңбек ететін «Ақтас» ЖШС қызметкерлері серіктестіктің басынан не түрлі кезең өтсе де, қиындыққа қыңған жоқ. Ұжыммен бірге барлық ауыртпалықты бір кісідей еңсеріп, өндірілетін өнім көлемін арттыруға айтарлықтай күш салды.
Руханият • 18 Сәуір, 2025
Хакімді Науаи тілінде сөйлеткен
Абайдың 200-дей өлеңі, 3 дастаны, 45 қарасөзі адамзатқа мұра болып қалды. Ұлы ақын Шығыс пен Батыс ойшылдарының бағыт-бағдарын темірқазық етіп қана қоймай, жұртына олардың ойы мен шығармаларын аударма арқылы жеткізген, айналасына насихаттаған. Оған Мұхтар Әуезов айтқан Абайдың үш қайнар көзден нәр алуы дәлел. Шығыстың жеті жұлдызы атанған шайырлардың «Йүзі раушан» өлеңінде аттарын атап, олардан медет сұрауы, жаңашыл дәстүрімен дастандар жазуы, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.С.Крылов секілді авторлардың елуден аса жыр маржанын талғампаздықпен таңдап аударуы – үлкен құбылыс.
Пікір • 18 Сәуір, 2025
ЖИ кәсіби маманды алмастыра алмайды
Мұндай форумдар журналистерге қажет деп ойлаймын. Үйренетініміз өте көп. Әсіресе шетелдерден сарапшылар келді. «Яндекс», «CNN», «Еуроньюстің» кәсіби мамандары кеңесін айтты, тәжірибесін бөлісті.
Ғылым • 18 Сәуір, 2025
Жаңашыл ғалымдардың еңбектері арқылы біз әлемді басқаша танимыз. Бұл үрдіс қазақ ғалымдарына да тән. Болашағынан үлкен үміт күтетін сондай жас ғалымның бірі – фотоэлектрлік және баламалы энергетика саласы бойынша PhD Нұрсұлтан Мұсаханұлы.
Еңбек • 18 Сәуір, 2025
Бойындағы нәзіктігін болаттай мықтылыққа ұштастырып, ауыр жұмыстың жүгін арқалап жүрген аруларымыз да бар. Өндірісі өркендеген өңірде де жұмысшы қыздардың үлесі әжептәуір. Шахтаға түсіп, кен қазып, домна пешінде болат балқытып, ауыр техника жүргізген қыз-келіншектердің қажыр-қайратына қалай таң қалмаймыз? Бір қолымен шаңырағының отын жағып, бір қолымен қара еңбектің қазанын қайнатқан олардың қай-қайсысы да мақтауға лайық.