«Таза Қазақстан» • 16 Сәуір, 2026
Тобыл бойындағы тазалық акциясы
Өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көктемгі жаппай сенбіліктер маусымы басталды. Қостанайдағы «Триатлон» саябағында өткен алғашқы сенбілікке облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2026
Трамвай паркінде – жаңа вагондар
Трамвай – Павлодар шаһарының рәмізіне айналып үлгерген көлік. Рельсті көлік экологиялық жағынан да қауіпсіз. Облыс билігі вагондарды жаңартып, шеткері шағын аудандарға автономды трамвайлар жүргізу жобасына белсене кірісті.
Шымкент • 16 Сәуір, 2026
Шымкенттің мәдени-туристік мүмкіндігі бағамдалды
Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында мәдениет саласындағы іргелі жобаларды пысықтап, шаһардың туристік әлеуетімен, қоғамдық кеңістіктердің даму барысымен танысты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан музыкалық білім саласы қызметкерлеріне мемлекеттік марапат тапсырды.
Саясат • 16 Сәуір, 2026
Бауырлас елмен байсалды байланыс
Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізге жұмыс сапарымен келген Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаз екіжақты келіссөз жүргізіп, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 14-отырысын өткізді.