Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Түбіртек талап етудің астарында не бар?
Қазір тауар сатып алсақ, көбіне түбіртек талап етпейміз. Ұсынып жатса да, алмай кететіндер бар. Бір маңызды дүниені ұқпай жүргендейміз, сатушыдан түбіртек сұрау – әділетті экономиканың кілті.
Пікір • 18 Сәуір, 2025
Әр редакцияның этикалық кодексі болуға тиіс
Технология дәуірінде медиа кеңістіктің дамуымен, кеңеюімен жаңа түйткілдер, шешілуі қажет мәселелер шығатыны анық. Әлеуметтік желілер кейде тіпті қоғамдық парламент рөлін де атқара алатын күшке айналды.
Өндіріс • 18 Сәуір, 2025
Трансформатор стансалары Өскеменде әзірленеді
Үйді-үйлерді электр қуат көзімен қамту стансалары Өскемендегі «Кэмонт» зауытында жасалады. Атшаптырым аумақты алып жатқан өндіріс ошағында трансформатор стансаларынан бөлек «ақылды электр шамдар», заманауи орындықтар мен жол бойына арналған дәретханалар да құрастырыла бастаған. Атқарылып жатқан жұмысқа қарасақ, тарихы терең зауыттың болашағы да жарқын көрінеді.
Пікір • 18 Сәуір, 2025
Медианың міндеті – уақытпен үндесу
Қазіргі жаһандану дәуірінде бүгінгі ақпараттық кеңістікпен шектеліп қалмау маңызды. Осы ретте Орталық Азия форумы бірлескен медиа өнімдер жасауға, ортақ құндылықтарды халықаралық деңгейде дәріптеуге ықпалдасады.
Абай • 18 Сәуір, 2025
Абай мұрасы және мемлекеттік мүдде
Биыл күллі адамзаттық ауқымда ойлау биігіне көтерілген қазақ халқының дана перзенті, кемеңгер Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Бұдан тура бес жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хакімнің 175 жылдық мерейтойына орай «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақала жариялаған еді. Мұнда дала данышпаны ілімін қазіргі заман мен қоғам талабына сай жаңа ұстаныммен, тың көзқараспен жеткізген тағлымы мол, маңызы терең һәм өзекті тұжырымдама мәртебесінде халыққа ұсынылды.