Өнер • 18 Сәуір, 2025
Ұлттық өнер, ұлттық нақыш, ұлттық бояу – сандаған жыл өтсе де әр халықтың табиғатымен бірге жасайтын құндылықтар. Әсіресе бүгінгідей жаһанданған қоғамда тарихтан тамыр тартатын ұлттық белгілер де заманға сай жаңаша түрленіп, жаңаша қалыпқа еніп келеді. Тіпті ұлттық нақыштағы дүниелер қазір сәнге айналды десек болады.
Туризм • 18 Сәуір, 2025
«Бозжыра» саяхат орталығының құрылысы басталды
Маңғыстаудың Бозжырасы әлем елдеріне әлеуметтік желі арқылы жарқырай танылып, өңірге туристерді шақыруда көшбасшы болып тұр. Туризм саласы мұнайлы түбектің болашақ салмақты бағыты десек, үлкен істі Бозжыра, Шерқала, Айрақты сынды тамаша табиғат нысандары өзгелерді тамсандыра тартумен бастап-ақ кетті. Әр жыл сайын өңірдегі көрікті жерлерді көруге келетін туристер саны артып келеді.
Таным • 18 Сәуір, 2025
Александр БАЛТИН, ақын, публицист (Ресей): Әбіш Кекілбаевтың ғарышы
Көрнекті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахмановтың мәдениеттанушылық еңбектері халықаралық ауқымда танылған. Автордың Абай аудармашылығы туралы зерттеулері Мәскеуден шыққан ұжымдық жинақтарда жарияланған, жекелеген мақалалары орыс, ағылшын, француз, араб, түрік, өзбек, тәжік тілдеріндегі газеттерде шыққан. «Литературная газетада» басылған «Читал я сладостный Коран» атты мақаласы жөнінде біз кезінде ілтипатты мақала да арнағанбыз. Өткен жылы С.Абдрахмановтың халқымыздың ерен ойшылы, классик жазушысы Әбіш Кекілбаевтің мәдениеттанушылығы туралы жазылған «Абыз Әбіш» кітабы Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан «Корифей» деген атпен жарық көрді. Біз бүгін белгілі ақын, публицист Александр Балтиннің сол кітап жөнінде жақында «Литературная газетада» басылған рецензиясын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Туризм • 18 Сәуір, 2025
Шетелдік қонақтардың қоржыны қомақты
«Туризм – аймақтардың дамуына серпін беретін сала болуға тиіс», деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында. Ол үшін көрікті жерлердің шырайын ашып, саланы жан-жақты дамытуға көңіл бөлу қажет. Соның бір бағыты – іскерлік, оқиғалы туризм.
Архив • 18 Сәуір, 2025
Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің музейін аралап жүріп, жүз жыл бұрын түсірілген фотосуретті көзім шалып қалды. 1925 жылы түсірілген тарихи фотосуретте Семейдің қазақ педагогикалық техникумының түлектерінің бейнесі сақталған.