Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Елдегі су тасқыны іште жатқан біраз кемшіліктерімізді ашып жатыр - Еділ Жаңбыршин
Баспасөз беттерінде жарияланған деректерге қарағанда, Атыраудан Ақтауға ұшақпен жеткісі келген жолаушылар бір билет үшін 170 780 теңге төлеуге мәжбүр болды. Ал Атыраудан Алматыға дейінгі билет бағасы 675 мың теңгеге дейін көтерілген. Алматы, Астана қалаларынан осы өңірлерге қатынайтын әуе рейстерінің де бағасы шарықтап кеткен. Жол қатынасы бағасының күрт қымбаттауы және әуе, темір жол көліктерінің аздығы тасқын су басқан облыстардан басқа өңірлерге кетуге қиындық туғызып отыр. Осындай өзекті мәселелерді қозғаған Еділ Жаңбыршин Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
«Көлік екіге бөлініп кеткен». Алматыдағы жол апаты бірнеше адамның өмірін қиды
Әлеуметтік желіде жантүршігерлік апат бейнеленген видео жарияланды. Алматы облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Павлодарлық оқушы Астана тұрғындарын терролық әрекет жасауға үндеді
Павлодар қаласының 10 жастағы оқушысы Астана тұрғындарын «Керуен» сауда орталығына шабуыл жасауға үндеген. Ол терактіге қатысқандарға бір миллион теңге берілетінін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 17 Сәуір, 2024
«Заңсыз салынған бөгет, әлсіз әзірлік». Ринат Заитов су тасқынына кінәлілерді атады
Су басқан өңірлерден жақында ғана оралған депутаттар Үкіметке халықтың өтініш-тілегін жеткізе бастады. Бүгін өткен Мәжіліс отырысында Ринат Заитов көзімен көріп келген ахуалды баяндап, халықтың шығынын өтеудің жүйелі алгоритмі құрылмағаннан азаматтар әлі де алаңдаулы екенін айтып, Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 17 Сәуір, 2024
Құқықтық қоғам құру жолындағы маңызды қадам - сенатор
Мемлекет басшысы «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойғаны мәлім. Осы орайда Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.