Аймақтар • 17 Сәуір, 2025
Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына орай отансүйгіштік, мәдени, әлеуметтік және ақпараттық бағытты қамтитын 200-ден аса іс-шара ұйымдастырылып, өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 17 Сәуір, 2025
Артур Ластаев: Омбудсмен институтына сенім артып келеді
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев өткен жылды қорытындылаған баяндамасында құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып, қабылданған шаралар мен заңнаманы жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстарын жария етті. Осы орайда Омбудсменмен сұхбаттасып, еліміздегі құқық қорғау күн тәртібінің қалыптасу барысы туралы сұрап білдік.
Құқық • 17 Сәуір, 2025
Авторлық меншік құқын қайтсек сақтаймыз?
Интернет дамып, әлеуметтік желілер қанатын кеңге жайғалы ақпарат ағыны жеделдеді. Бүгінгі таңда кез келген туынды, өлең-жыр, әңгіме, хикаят, ән, сурет, мақала, ғылыми еңбек, т.б құндылықтар интернет тораптары арқылы оңай таралады. Әлеуметтік желілерді кезіп жүрген сол шығармалардың артында қаншама автордың ой еңбегі, алтын уақыты, білігі мен білімі жатқаны анық. Бірақ көп жағдайда авторлардың меншік құқығы ескерілмейді. Бұл олқылықтың орнын қалай толтырамыз?
Өндіріс • 17 Сәуір, 2025
Бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған «Қызылжар-Құс» құс фабрикасы қайта іске қосылып, жақын маңдағы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамти бастады. Екі кезеңнен тұратын жобаға жалпы сомасы 5 млрд теңге жұмсалады деп жоспарланған.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2025
Игіліктің бастауы – инфрақұрылымды дамыту
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Торғай өңірінің дамуына тың серпін беретін жоба туралы атап өтті. Президент Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысын бастауға тапсырма бергені мәлім. Одан бөлек, алдағы жылы Арқалық әуежайы іске қосылатыны белгілі болды. «Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіріп, жаңа аэровокзал салған жөн. Бұл жоба ішкі көлік қатынасын едәуір жақсартады», деді Қ.Тоқаев.