Инфографика • 17 Сәуір, 2025
Жоғары білім табыстың кепілі ме?
Санамызға сіңген «Диплом – жарқын болашақ» деген қағида бар. «Балам жоғары оқуға түссе, өмірі түзеледі» деген үміт – талай ата-ананың тілегі. Өйткені жоғары білімді адам жоғары қызметке көтеріле алады. Алайда бұл жүйе нарық заманында өзгеріске ұшырап жатыр. Қазір диплом – абырой емес, бәсекеге түсуге берілетін «рұқсат құжат» іспетті ғана. Себебі бүгінде жұмыс берушілер адамнан қағаз емес, қабілет сұрайды.
Қоғам • 17 Сәуір, 2025
Қазақ тілі инновацияның тілі болуға тиіс
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект және терминология» атты II халықаралық симпозиум өтті.
Білім • 17 Сәуір, 2025
Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 16 мамырда басталады. 5 шілдеге дейін жалғасатын басты тестілеуді талапкерлер екі рет тапсыра алады. Бұл кезеңнің маңыздылығы үміткерлердің осы сынақтан өткен нәтижесімен мемлекеттік грант конкурсына қатысатынында болып тұр.
Мәселе • 17 Сәуір, 2025
Жаңа Су кодексі өңірлерді жарылқай ма?
Сенат қарауына жіберілген жаңа Су кодексінде өзен-көлдердегі бөгет иелерінің жауапкершілігін арттырып, мемлекеттік сараптаманы күшейту көзделген. Депутаттар заң жобасы өңірлерде қалыптасқан су мәселелерін шешуге қауқарлы деген пікірде.
Музей • 17 Сәуір, 2025
Өткенде хакім Абай оқыған, қолының табы қалған киелі кітаптарды біз де ұстап көріп, бір тебіреністі бастан кешірген едік. Бұдан соң жұртшылықтан «жуырда Шәкәрім музейі ашылды» дегенді естіп, жастықты биік жастап жата алмадық.