Бизнес • 12 Сәуір, 2017
Өңірлік хаб халықаралық алаңға айналды
Елордада Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабының халықаралық конференциясы өтті. Алқалы жиынға еліміздің Сыртқы істер министрлігінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, әлемнің 40 елінің мемлекеттік қызмет саласындағы өкілетті органдарының жетекшілері мен сарапшылары қатысты.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2017
ОҚО әкімі «Казмедприбор» ЖШС-ның жұмысымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық саласына қажетті күрделі және озық үлгідегі техника мен құралдарды шығаруда белсенділік танытып келеді. Республиканы арзан бағадағы медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіп отырған «Kazmedpribor Holding» ЖШС-нің жұмысымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы танысып, онда шығарылып жатқан өнімдерге жоғары бағасын берді.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2017
Рудныйда тұрғындар ішкі істер департаментіне 13 қару тапсырды
Облыстық ішкі істер департаментіне облыс тұрғындары бүгінге дейін өз еркімен 13 қару тапсырды. Еріктілерге тапсырған қаруы үшін 530 мың 946 теңге төленді. Тапсырылған қарудың барлығы да тегіс ұңғылы мылтықтар.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2017
Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті өтуі мүмкін
2017 жылдың 10-11 қыркүйегінде Астанада ғылым мен технология бағытында Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитін өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2017
Еліміздің үш облысында күн суытады
Қазақстанның үш облысына ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.