Өндіріс • 16 Сәуір, 2025
Шымкент өнімдерін шетел тұтынады
2022 жылы құрылған табысты кәсіпорынның бірі «BIO FOOD KZ» ЖШС-де сол жылы 15 адам жұмыс істесе, одан бергі үш жылда адам да, өндіріс көлемі де көбейген. Осы күнде отандық компания тәулігіне 25 тоннадан астам сүт өңдеп, сары май мен қатты ірімшік шығарады. Ішкі нарық сұранысын өтеп қана қоймай, экспортқа да сәтті саудалауды жоспарлайды.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2025
Осы жылы үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі толықтай шешілуге тиіс. Өйткені 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыс нәтижесінде ағарту саласында ұзақ жыл бойы «жырға» айналған өткір мәселенің жедел шешілуін Үкімет пен жергілікті атқарушы билік өкілдеріне шегелеп тапсырған еді.
Мектеп • 16 Сәуір, 2025
Осыдан төрт жыл бұрын Алтай ауданына қарасты Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғындары редакциямызға хабарласып, жалғыз қазақ мектебінің оқушылары тозығы жеткен балабақша ғимаратында оқып жүргенін айтқан еді. Барып мәселені көзбен көрдік, газет бетінде қаузадық. Бұдан соң жергілікті басшылық дереу қолға алып, дайындық жұмыстарына кіріскен. Құрылыс уақтылы аяқталып, күні кеше Жаңа Бұқтырмада жаңа қазақ мектебі ашылды.
Құқық • 16 Сәуір, 2025
Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері Қостанайда «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» атты семинар-тренинг өткізді.
Форум • 16 Сәуір, 2025
Рухани дипломатияның мүмкіндігі
Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясына сапары барысында «Дін лидерлері әділетті және қауіпсіз әлем үшін» атты дөңгелек үстелге қатысты.