Сұхбат • 16 Сәуір, 2025
Әсем РАХМЕТОВА: Легионерлер мемлекет есебінен қаржыландырылмайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында спортты дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Жуырда сенаторлар «Денешынықтыру және спортты дамыту туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдаған еді. Аталған заң спорттың басым түрлерін айқындауға, оларды қаржыландыруға және денешынықтыру мен спорт субъектілерімен өзара іс-қимылға бағытталған. Кеше Мемлекет басшысы осы заңға қол қойды. Заң төңірегінде Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Әсем Рахметоваға бірер сұрақ қойған едік.
Төтенше жағдай • 16 Сәуір, 2025
Төтенше жағдайдың алдын алу міндеті
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы өртке қарсы маусымға дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Сондай-ақ жиында су тасқыны жағдайы да талқыланды.
Білім • 16 Сәуір, 2025
«Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі», деп ұлы ақын, педагог Мағжан Жұмабаев бекер айтпаған. Алайда еліміз тәуелсіздік алып, кеңес заманындағы жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшіп жатқан өтпелі кезеңде мұғалім мамандығының беделі төмендеп, білім сапасы да нашарлап кетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы тамыз конференциясында Үкіметке мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жыл ішінде екі есе көбейту туралы тапсырма беріп, сол жылы желтоқсан айында алғашқы «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойғаннан кейін ғана қоғамдағы ұстаз беделі арта бастады.
Руханият • 16 Сәуір, 2025
Қазақ қаламгерлерінің басын қосатын «Қарағанды көктемі» фестивалі биыл прозашыларға арналды. Әр өңірдегі жазушылар жүздесіп, прозадағы келелі мәселелерді алғаш рет талқылап тұр екен. Екі күнге созылған республикалық проза фестивалі – Қарағанды қаласының әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы филиалы ұйымдастырған айтулы жоба.
Тұлға • 16 Сәуір, 2025
Қазақта жазушы да, қаһарман да аз емес. Әрі жазушы, әрі қаһарман тұлғалар да бар. Ал халықтық танымға салсақ, әрі қаһарман жазушы, әрі қаһарман қолбасы тұлға бүкіл дүние жүзінде біреу-ақ. Ол – Бауыржан Момышұлы.