Білім • 09 Сәуір, 2025
Шетелдік ЖОО филиалдары: Ізденіс пен мүмкіндік
Осы күні әрісі Америка, берісі Ұлыбритания, одан қалды көршілес мемлекеттер университеттерінен елімізде жүріп-ақ білім алу жастарға қолжетімді болып отыр. Өйткені елімізде шетелдік оқу орындары, филиалдары көптеп ашылды. Бірақ жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналарында мұндай білім ордаларына түсу талаптары төңірегінде сұрақтары толастамай тұр. Осыған орай жауапты министрлік республика көлемінде көрме өткізіп, барлық сұраққа жауап беріп, түсіндірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында айтылды.
Кино • 09 Сәуір, 2025
Коммерциялық фильмдер сапасы қайтсе артады?
Қазақ киносының мәселесі қай кезде де күн тәртібінен түспей келеді. Оқтын-оқтын көтеріліп, түйткілдері тілге тиек етіліп келе жатқан бұл саланың сан қырлы проблемасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да назарын аудартып, Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелердің қатарынан табылды. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Тағы бір түйткіл – қазір кинотеатрда көрсетілетін фильмдерге қатысты қоғамдық сын бар. Былтыр қазақстандық мамандар түсірген 94 фильм шыққан, яғни негізінен өзіміздің өнім шығарылып жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Бірақ біз, ең алдымен, санға емес, сапаға көңіл аударуымыз керек. Көрерменнің көңілін көтеріп, күлкі сыйлау – бір бөлек, жағымсыз әдеттерді насихаттау – бір басқа», деген еді.
Өшпес даңқ • 09 Сәуір, 2025
Қан майдан қаһарманы Бауыржан Момышұлы 1976 жылы Қазақстан Жазушылар одағының пленумында сөйлеген сөзінде: «Мен 207 мәрте ұрысқа қатысқан кісімін. Соғыста 7 рет жарақат алған жанмын. Батальон командирінен дивизия командирлігіне дейін өткенмін. Одан соң Әскери академияда 5 жыл аға оқытушы болдым», – деген еді. Оның қолбасшылық өнері мен өнегесін «Қазақтың әскери өнерінің жұлдызы, қарлығашы», «ақыл мен қайраттың, адамшылық пен батырлықтың тұлғасы» деп бағалапты Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин Мәскеуде, 1943 жылдың 21 шілдесінде жасаған баяндамасында.
Тарих • 09 Сәуір, 2025
Жақында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттігіміздің негізі сонау мыңжылдықтардан бастау алып жатқанын, оның тамыры мен тарихы аса терең екенін көпшілікке ескертіп, халқымыздың «қазақ» деген этностық атауы да бір ғасыр бұрын қайтарылғанын еске салған болатын.
Өнер • 09 Сәуір, 2025
Алматыда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын хореографиялық оқу орындарының «Өрлеу» IX халықаралық байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы өнер додасына 8 елдің 134 талантты жас бишісі қатысты. Олар «Классикалық би», «Халық биі» және «Заманауи хореография» аталымдары аясында бақ сынады.