Үкімет • 26 Сәуір, 2025
Инвестициялық ахуалды жақсарту талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ, Еуропалық одақ пен Канада елшіліктерінің, Америка Сауда палатасы басшылығының, сондай-ақ «Johnson&Johnson», «Pfizer», «AstraZeneca», «Kazanada LLP», «La Roche» сияқты және басқа да халықаралық компаниялардың өңірлік директорларының қатысуымен денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.
Үкімет • 26 Сәуір, 2025
Өңір экономикасын дамыту – басты назарда
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары аясында Семей қаласында Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша кеңес өткізді. Кеңеске өңір әкімдері, салалық министрліктер мен «Amanat» партиясының өкілдері қатысты.
Спорт • 26 Сәуір, 2025
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Басты жекпе-жекте 27 жастағы қазақ нокаутері Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) 34 жастағы мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасты. 10 раундқа есептелген айқас аяғына дейін созылып, қорытындысында тең есеп тіркелді. Сөйтіп, Садриддин өзінің спорттық мансабында алғаш рет жеңіске жете алмады. Бәсеке аяқталғаннан кейін жерлесіміз: «Бесінші раунда қолымды сындырып алдым, сол себепті Эспадасты ұрып құлата алмадым», деп көпшілік алдында ақталғандай болды.
Инфографика • 26 Сәуір, 2025
Цифрлық гигиена: Киберқылмыстан қорғану ережелері
Цифрлық әлемде киберқауіп өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алаяқ, хакер, вирус дегендер әр бұрышта торуылдап жүр. Дегенмен қарапайым цифрлық гигиена ережелерін сақтау арқылы тәуекелді барынша азайтуға болады. Мұны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төмендегідей түсіндіреді.
Ғалам ғажаптары • 26 Сәуір, 2025
Tesla АҚШ-та шектеулі режім-де роботтакси қызметін іске қосты.