Экология • 25 Сәуір, 2025
Балқаштың су деңгейі 12 сантиметрге көтерілді
Балқаш көліндегі су деңгейі бір жылда Балтық биіктік жүйесі бойынша есептегенде 341,52 метрден 341,64 метрге дейін, яғни 12 сантиметрге көтерілген. Ал су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 25 Сәуір, 2025
Бүгінде көпшілік әр теңгенің қадірін тереңірек түсіне бастады. Халықтың қаржылық сауаты артып келеді. Күнделікті тұтынудан үнемдеуге, қысқамерзімді мақсаттан ұзақмерзімді тұрақтылыққа бет бұрды. Мысалы, былтыр банктегі халық салымының көлемі 24,5 трлн теңгеге жетті. Бұл – жай цифр емес, ел санасындағы өзгерістің көрінісі. Ақша жинау мәдениеті қалай қалыптасып жатыр? Қаржылық сауат қай деңгейде? Адамдар ақшаны қандай әдіспен жинап жүр?
Қоғам • 25 Сәуір, 2025
Кітап қай заманда да мәдениеттің бастауы саналғандықтан, кітап оқу – мәдениеттіліктің белгісі, кітап оқыған адам әрқашан мәдениетті. Рухани, мәдени иммунитеті мықты елдің іргесі де берік, сапасы да жақсы болары сөзсіз. Оқитын ұлт қалыптастыру жолында Мемлекет басшысы бірқатар бастама көтеріп, тікелей назарында ұстап отыр. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында барша халықты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға шақырғанына дүйім жұрт куә.
Басылым • 25 Сәуір, 2025
Тамам жұртқа танымал талантты журналист Майя Бекбаеваның ұлтқа қызмет етуді көздеген берік ұстанымы бек ұнайды. Қазақтың қилы тарихын қозғаған, тұғыры биік тұлғаларымыздың тағдыры туралы тереңнен толғаған тұшымды телевизиялық туындылары көкірегі ояу көрерменнің көзайымына айналғалы қашан.
Салық • 25 Сәуір, 2025
Баж салығы АҚШ-тың бағы ма, соры ма?
АҚШ президенті Дональд Трамптың дүниежүзі елдерінен импортталатын тауарлардың кедендік баж салығын бірнеше пайызға көтеруі әлемді дүр сілкіндірді. Әсіресе экономикалық-саяси сахнадағы басты қарсыласы Қытаймен «ымырасыз майдан» басталып кетті. Сарапшылар экономикалық соғыс АҚШ-қа да оңай соқпайтынын айтады. Өйткені көп тауар Құрама штаттарға сырттан тасымалданады. Әсіресе Қытайдан импортталатын тауарлар бағасы аспандайын деп тұр.