Президент • 25 Сәуір, 2025
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: қорытындылар және болашақ міндеттер» деген атпен өткен кеңейтілген отырыс ел ынтымағы мен қоғамдық келісімнің алтын арқауына айналған осы ұйымның 30 жылдық мерейтойына арналды. Басқосуға Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты. Жиында ұйымның этносаралық бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі, «Әралуандықтағы бірлік», «Біз әртүрліміз – бірақ теңбіз» қағидаттарын сақтау мен ілгерілетудің маңызы ерекше аталып өтті.
Жансарай • 25 Сәуір, 2025
Қойнауы қазыналы, тарихы шежірелі қарт Қаратаудай қасиетті мекеннен қанат қағып, қажырлы еңбегімен, қарымды күш-жігерімен ұлт шаңырағына уық болып қадалған қабырғалы ұл-қыздың қатары қалың. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – солардың бірі де бірегейі.
Жәдігер • 25 Сәуір, 2025
Мына сандық – өткен ғасырдың басында Меккеге барып қайтқан дүние. Оны Құлеке батырдың бір ұрпағы Бекмырза 1903–1904 жылдары қажылық сапарға барғанда заттарын салуға пайдаланған.
Мирас • 25 Сәуір, 2025
Әмудария бойын, Бесқала атанған өлкені ежелден жайлаған қазақтардың арасынан ірі жыршы-жыраулар көптеп шыққаны мәлім. Анығырақ айтсақ, бұл аймақтағы қазақтар арасынан елге кең танылған, шығармашылық қоржыны мол жүзден астам ақын-жырау жыраулық өнердің дамуына ерекше үлес қосты. Кеңестік кезеңде жалпы қазақта жыраулық өнер көмескіленіп бара жатқан тұста Бесқала жыршыларынан өнеге алуға Қазақстаннан жас өнерпаздар көптеп барса, музыкатанушы, фольклоршы-ғалымдар да арнайы экспедиция ұйымдастырып, бірнеше рет аралап, көл-көсір дүниелерді хатқа түсірді.
Медицина • 25 Сәуір, 2025
Өңір медицинасында серпіліс бар
Жетісу облысы құрылғаннан бері 81 медицина мекемесі салынған. Соның нәтижесінде, өңірде дәрігер тапшылығы едәуір азайды. Өткен жылы бірнеше маман көтерме жәрдемақы алып, ауыл-ауылға көшіп барды. Нәтижесінде, халық бұрынғыдай облыс орталығына сабылмайды. Дегенмен қажетті кадрларға сұраныс әлі де бар. Алдағы уақытта 72 ауылда жаңа заманауи емхана ашылады.