Денсаулық • 25 Сәуір, 2025
Косметологияның қара нарығы заңды қатайтып, бақылауды күшейтуді талап етеді
Бүгінгі жұрт тапқан-таянғанының едәуір бөлігін сұлулық индустриясына салып жатыр. Осы орайда көпшілік қауымның косметология тек бет-жүзді әдемілеу емес, денсаулықпен тікелей байланысты мәселе екенін қатерлі жағдайға душар болғанда ғана түсінетіні өкінішті.
«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2025
Іле өзенінің маңы – табиғаты көркем, туристер жиі баратын аумақ. Алайда кейінгі жылдары бұл аймақ демалыс орны емес, бейберекет шашылған қоқыстың ортасына айналды. «Көшпелілер қаласы» мен «Тамғалы тас» шатқалының маңында пластик бөтелкелер, дорбалар, консерв қалдықтары мен құрылыс материалдары үйіліп жатыр. Жауапсыз демалушылар мен бақылаусыздықтың кесірінен Іле экожүйесіне нақты қауіп төніп тұр.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Сәуір, 2025
Енді жетісулық жас мамандар іргелі кәсіпорындарға барып жұмыс істей алады. Бұрынғыдай қолына дипломын алып, қызмет іздеп қала кезіп жүрмейді. Өңірге қажетті кадрларды жергілікті оқу орындарынан алуды көздеген зауыт басшыларының ұсынысы қабылданды. Оған колледж директорлары да мүдделі болып отыр. Осылайша, екі тарап өзара 10 меморандум жасады.
Ғалам ғажаптары • 25 Сәуір, 2025
Америка кинематографиялық академиясы «Оскар» сыйлығын тағайындау ережесіне екі маңызды өзгеріс енгізді.
Театр • 25 Сәуір, 2025
Кішкентай көрерменге сахналық сый
Ұлттық кітап күні қарсаңында Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры жас көрерменге ерекше сый тартты. Әлемге әйгілі неміс жазушысы Отфрид Пройслердің балалар әдебиетіндегі жауһары саналатын «Кішкентай сиқыршы» повесінің желісімен сахналанған «Орман ғажайыптары» атты жаңа қойылымның премьерасын ұсынды.