Кәсіпкер • 29 Сәуір, 2025
Ауыл тұрғыны тауықтан табыс тауып отыр
Мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, тауық өсіру ісін қолға алған Еділхан Нұрғалиев Самар ауданы, Мойылды ауылының тұрғыны. Ауылда небәрі екі-ақ үй бар. Бүгінде құс шаруашылығымен айналысып, өнімдерін аудан, облыс орталықтарына саудалап отырған кәсіпкер ауылда мал ұстаудың қиындығын, ал тауық күтімі жеңіл әрі өнімді екенін айтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2025
Қарағандыда жұмыссыздар азайып келеді
Аймақта жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, өткен жылдың соңында өңірде NEET санатында 9 637 адам болса, бүгінгі таңда – 8 383. Дерекқорды өзектендіру және жұмыссыз жастарды анықтау жұмыстары жалғасуда.
Үкімет • 29 Сәуір, 2025
Инженерлік инфрақұрылымның 90%-дан астамы цифрландырылған
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында құрылыс саласын цифрландыру және қала құрылысы кадастры мәселесі қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун, сондай-ақ ІТ саласының өкілі Алмас Нұрғалиев баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2025
Қостанайда жұмыс берушілер форумы өтті
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Smart» орталығында өткен іс-шара барысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері өңірдегі «Allur», «KIA», «Агромаш» және «KamLiT» тәрізді жетекші кәсіпорындардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2025
Президенттік институт тақырыбы талқыланды
Өткен апта соңында ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Қазақстан Республикасындағы президенттік институт: эволюция, сын-қатерлер және перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара Қазақстандағы президенттік институттың құрылғанына 35 жыл толуына арналды.