Технология • Бүгін, 11:51
Каспий теңізі арқылы өтетін интернет кабель құрылысы қашан аяқталады?
Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы жоспарға сай жүріп жатқанын мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, Каспий теңізі арқылы өтетін интернет кабель құрылысын жыл соңына дейін аяқтау көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • Бүгін, 11:41
Каспий теңізінің деңгейі 21 метрге дейін төмендеуі мүмкін
Астанада өткен халықаралық экологиялық форум аясындағы панельдік сессияда Каспий теңізіне қатысты алаңдатарлық болжамдар айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Алдар – уақытпен бірге жаңғырған кейіпкер
Көрермен үшін ерекше жаңалық. Көпшіліктің сүйікті кейіпкеріне айналған Алдар бейнесі араға жылдар салып, жаңа тыныспен, тың интерпретацияда үлкен экранға қайта оралды. Бірақ бұл жолғы ізденістің ізі де, идеясы мүлдем бөлек. Иә, қазақ киносының классигі Шәкен Аймановтың Алдарынан кейін әйгілі кейіпкерді жаңа буынға қайта танытқан актер Дәурен Серғазин болса, енді міне, сол Дәурен тұп-тура 15 жылдан кейін халық жадында сақталған жарқын образды бүгінгі заманға бейімдеп, қайта жандандыруды мақсат етіпті. Тек бұл жолы бас кейіпкер ғана емес, фильмнің продюсері ретінде де тер төккен өнер иесінен төл туындысы турасында сұрадық. Сонымен, 23 сәуірде үлкен экранға жол тартқалы отырған ұлттық жоба – «Алдар. Махаббат туралы аңыз» фильмінің көрерменге ұсынар қандай жаңалығы бар? Бүгінгі Алдар бұрынғы Алдарлардан несімен ерекшеленеді? Оны актердің өзінен сұрадық.
Қылмыс • Бүгін, 11:33
Щучинсктегі жарылысқа қатысы бар тағы екі күдікті ұсталды
Ақмола облысының прокуратурасы Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» дәмханасында болған жарылыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр. Бүгінде аталған қылмыстық іске қатысы бар тағы екі күдікті ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • Бүгін, 11:30
Жер-жаһанның қай қиырында жүрсек те жанқалтамыздан табылатын көк паспортымыз жанымыздың жалауындай қастерлі. Жалаудай дейтіндей жөніміз, бұл – жай ғана құжат емес, елдігімізді танытатын айшықты рәміз. Азаттығымызды, дербестігімізді сезіндіретін осы төлқұжатымызбен төрткүл дүниені емін-еркін шарлап жүріп, еліміздің егемендігін құнттай түсеміз, кеудемізді мақтаныш кернейді.