Тұлға • 24 Сәуір, 2025
Бүгін – Халел Досмұхамедұлы дүниеге келген күн
Тұп-тура 142 жыл бұрын Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ғалым Халел Досмұхамедұлы өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 24 Сәуір, 2025
Республикалық «Ұлттық кітап» байқауы жеңімпаздары марапатталды
23 сәуірде елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлттық кітап күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, белгілі ақын-жазушылар, Мемлекеттік сыйлық иегерлері, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, баспасөз саласының өкілдері, облыстық кітапханалардың басшылары және шығармашылық зиялы қауым қатысты. Іс-шара аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған «Ұлттық кітап» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Таланттарды топтастырған «Мың бала»
Қазақтың қара домбырасының құлағында ойнап, әндерін нақышына келтіре шырқайтын өзге этнос өкілдерінің көбейгені қуантады. Қазақша сөйлеп, ұлттық рухани құндылықты әспеттеп жүрген жастардың бірқатары – «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының қатысушылары. Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл игі бастамасына 10 жыл толды.
Еңбек • 24 Сәуір, 2025
Таң бозынан түн ауғанша қалада сары сөмкесін асынып, велосипед не самокатпен әрлі-берлі зулап жүрген жастарға көзіміз үйренген. Біразы курьер қызметін қосымша табыс көзі емес, негізгі кәсібіне айналдырған. Көше пейзажының үйреншікті көрінісіне айналғандардың табысы қанша, жай-күйі қандай?
Аймақтар • 24 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95%-ын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма жүктеген еді. Президент тапсырмасына сәйкес Алматы қаласын транзиттік көліктерден босатып, айналып өту мақсатында 2 жыл бұрын ел тарихында тұңғыш рет инвесторлар көмегімен жоғары жылдамдықты Үлкен Алматы айналма автожолы іске қосылды.