Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Парламент Сенатының депутаттары Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуын мерекелеуге орай өткен отырысқа қатысты. Іс-шараға қатысушылар ҚХА-ның қоғамдық келісім мен этносаралық диалогті нығайтуға қосқан үлесін, сондай-ақ Ассамблеяны жаңа жағдайда одан әрі дамытудың басым бағыттарын талқылады.
Білім • 24 Сәуір, 2025
Шалқар қаласында ағылшын тілін оқып үйренуге ынталы оқушылардың қатары көбейіп келеді. Олардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, білімін шыңдауда «Akzer_english» оқу орталығының қолдауы көп. Былтыр осы орталықтың оқушылары Түркия елінде өткен жарыстан жүлделі орынды иеленіп қайтқан еді.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Зиялыларды толғандырған жастар тәрбиесі
Білім мен тәрбие – жас ұрпақтың биікке самғауына мүмкіндік беретін қос қанат. Осы тұғырды берік ұстанған қоғам ғана болашаққа нық қадам басады. Өйткені ұлттың ертеңі – бүгінгі ұрпақтың қандай тәлім мен тағылым алатынына тікелей байланысты. Сондықтан жастардың жан-жақты дамуына жол ашып, олардың бойында отаншылдық, мемлекетшілдік және адамгершілік қасиеттерді орнықтыру – әрқайсымыздың парызымыз. Негізі мұның бәрі адал азамат ұғымына саяды.
Ғылым • 24 Сәуір, 2025
Астана қаласында өткен «Ғылыми білім, инновация және жастар – тұрақты даму негіздері» атты мектеп оқушыларының ІІІ Халықаралық ғылыми форумы дарынды балалардың жетістігін таныстырумен қатар, болашақ ғылыми кадр даярлау ісі мектептен басталатынын көрсетті.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2025
СҚО-да арзан картоп өтпей жатыр
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бастығы Дәурен Тоқушынов Тұрақтылық қорына сақталған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қатарындағы картоп өтпей жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.