Өшпес даңқ • 24 Сәуір, 2025
Майдан тарихын зерттеу жалғасады
Адамзат тағдырын қасіретпен айғыздаған соғыс тақырыбының тасасында талайлардың кермек тағдыры жатыр. Қазақ жерінде жақынын майданға аттандырмаған әулет кемде-кем. Сұрапыл жылдары сұраусыз кеткен боздақтар тағдыры, елімізде құрылған жауынгерлік жасақтар, соғысқа дейінгі кезең мен соғыстан кейінгі халық өмірі, осы және өзге де тақырыптар Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Орталық мемлекеттік архивте өткен «Ұлы Отан соғысының жаңа беттері» атты халықаралық ғылыми конференцияда талқыланды.
Мәселе • 24 Сәуір, 2025
Шекарадағы ауылдар шетқақпай қалмаса...
Атырау облысында Ресеймен арадағы шекараға таяу, бірақ аудан орталығынан 200 шақырым қашықта орналасқан 10 елді мекен бар. Бұл ауылдарға жеткізетін жолға қиыршық тас та, асфальт та төселмеген. Бірақ жыл сайын облыс бюджетінен қара жолдағы сазды топырақты қыру, тегістеуге ғана қаржы бөлінеді.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2025
Павлодарда жылу беру аяқталып, алдағы маусымға дайындық басталды. Биыл өңірде 16,1 млрд теңгеге 31 шақырымнан астам желіні жаңарту жоспарланып отыр.
Спорт • 24 Сәуір, 2025
Жарыс күнделігі: Спорттық гимнастика
Спорттық гимнастикадан Дохадағы Әлем кубогінің екінші кезеңінде Милад Карими екі бірдей бас жүлдені олжалады. 25 жастағы Алматының өрені алғашында еркін жаттығуда алдына жан салмаса, одан кейін кермеде қарсылас шыдатпады. Миладтан бөлек, Алтынхан Темірбек пен Нариман Құрбанов та жеңіс тұғырына көтерілді. Алтынхан («ат») күміс, Нариман (еркін жаттығу) қола медаль иеленді.
«Таза Қазақстан» • 24 Сәуір, 2025
Сарыбай-Соколов кен байыту өндірістік бірлестігі Рудный қаласының маңына 15 мың түп ағаш егілді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған игі іске кеншілермен қатар жергілікті колледж студенттері де атсалысты.