Өшпес даңқ • 24 Сәуір, 2025
Махамбет ауылында тұратын Есенғалиевтер отбасы жыл сайын Жеңіс күнін ерекше толғаныспен қарсы алады. Сол күні ауыл сыртындағы әкенің бейітіне барып, рухына Құран бағыштайды.
Көрме • 24 Сәуір, 2025
Тұрқы бөлек тұлпарлар таңдалды
Шоқтығы биік, қаз мойынды тұлпарлар ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, көпшілік көрерменнің алдына шықты. Құйрық-жалдары төгілген бұл сәйгүліктер Өскеменнің іргесіндегі ат спорты клубында өтіп жатқан көрмеге жеткізілген. Бұл жолы жылқылардың ең жүйрігі емес, күтімі мен бітіміне қарай бағаланды.
Көрме • 24 Сәуір, 2025
Еуразия кітап жәрмеңкесі басталды
Ел астанасында дәстүрге айналған «Astana Eurasian Book Fair – 2025» VIIІ халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды. Биыл аталған іс-шара Ұлттық кітап күні қарсаңында өтіп отыр.
Ғалам ғажаптары • 24 Сәуір, 2025
Өзбекстанда Орталық Азиядағы алғашқы шоколад музейі жұмысын бастады. Жоба «Iman Chocolate & Fruits» компаниясының бастамасымен жүзеге асқан.
Әдебиет • 24 Сәуір, 2025
Сүйікті ақыным Оңайгүл Тұржан туралы жазуға отырған бойда есіме Марина Цветаеваның «Владимир Маяковский мен Борис Пастернак» атты эссесі түсті: «Сколько читателей у Пастернака – столько голов. У Маяковского один читатель – Россия. В Пастернаке себя не забывают: обретают и себя, и Пастернака, то есть новый глаз, новый слух. В Маяковском забывают и себя, и Маяковского». Марина Цветаева айтқан осы ақиқатпен келіспеу мүмкін емес. Шынында да, халық Маяковскийді жамырап оқудан жалықпаған. Ал Пастернакты тұнық поэзияны өзінің бойтұмарындай ардақтай білетіндер орманда отырып жасырынып оқыды.