Парламент • 23 Сәуір, 2025
Магистратураға түсу талаптарын қайта қарау қажет - Магеррамов
«Қазақстан халық партиясы» фракциясының депутаттары атынан Магеррам Магеррамов депутаттық сауалын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Ең танымал отандық 100 кітап сауалнамасы басталды
23 сәуір - Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні атап өтіліп жатыр. Бұл күн былтырғы жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық құрылтайда бекітілді. Президенттің айтуынша, кітап - ұлттың интеллектуалдық және мәдени прогресінің негізі. Сондықтан, елдегі әдеби мұраны сақтау және дамыту мақсатында отандық авторлардың 100 ең танымал кітабы туралы жалпыұлттық сауалнама жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 23 Сәуір, 2025
Жасанды интеллект: Дуэт пе, дуэль ме?
«Интеллект» және «зияткерлік мінез-құлық» ұғымдарының көпшілікпен мақұлданған толық анықтамасы әлі күнге дейін табылған жоқ. Мұның себебі адам санасы мен оның ойлау жүйесінің асқан күрделілігінде. Әйтсе де мақсаты мен мүддесі, нәтижесі мен жемісі жете танылмаған жасанды интеллектінің кернеуін күннен күнге күшейтіп жатқанымыз жасырын емес. Мұнымыз «сонда бар, қайда екенін білмеймін, бір нәрсе алып кел, не екенін білмеймін» деген тапсырма алған ертегі кейіпкерінің әрекетіне бек ұқсас дүние.
Үкімет • 23 Сәуір, 2025
Үкіметте газ саласын дамыту мәселесі қаралды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндама жасады. Газ саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы QazaqGaz компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов, саланы цифрландыру туралы – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 23 Сәуір, 2025
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңға өзгеріс енгізіледі
Мәжілістің жалпы отырысында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ерболат Сатыбалдин «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.