Есірткі • 23 Сәуір, 2025
Кейінгі бес жылда есірткіге тәуелді жастар көбейіп барады. Деректерді сараласақ, құрамы құбылған синтетикалық өнімдерді тасымалдаушылар 16 мен 32 жас аралығындағы азаматтар болып шықты. Қазір олардың шамамен 1 200-і осы қылмысы үшін темір торға тоғытылған.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2025
Қарадала халқының негізгі кәсібі – өрік өсіру. Жер-Анаға жылу бойлаған сәуір айының орта шеніне таман бүр жарып, айналаға айырықша көрік беретін өрік ағаштарынан мол өнім алудың қам-қарекетіне шаруалар білек түре кірісіп кеткен. Талайларды тамсантқан сары өрікті бұл өңірдің бренді деуге болады. Жыл сайын 500-ден аса шаруа қожалығы өсірген мыңдаған тонна өнім ішкі нарықты қамтамасыз етіп, алыс-жақын шетелге де жөнелтіледі.
Жұмыс • 23 Сәуір, 2025
Еңбек нарығындағы шетелдік жұмыс күші
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен еліміздің аумағында 13 891 шетел азаматы еңбек етеді.
Ауыл • 23 Сәуір, 2025
Бақты ауылының болашағы қандай?
Үкімет пен Парламент алдында тұрған елеулі міндеттің бірі – шекара маңындағы елді мекендерді дамытуға қатысты заң қабылдау. Мұны Президенттің өзі Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда шегелеп тапсырды. Таяуда шекара шебінде отырған ауылдарға ат басын бұрудың орайы келді. Біз Бақты ауылының іргесіне ілінгенде, күн Тарбағатай тауына келіп тірелген. Елдің шетінде, желдің өтінде қасқайып Қарабас тауы тұр. «Анау қара тау қай елге қарасты?» деп сұрадым. «Қазақстанға қарайды» деді ауыл әкімі Алмас Ахметұлы. Қазақстанды күні-түні кірпік қақпай қарауылдап тұрған, басына дулыға киген, қабағы түксиген батыр тәрізді көрінді.
Шаруашылық • 23 Сәуір, 2025
Жетісуда биыл егіс көлемі жылдағыдан жоғары. Соған сәйкес күтілетін нәтиже де ауқымды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға сәйкес, биыл егістік көлемі 510,7 мың гектарды құрайды. Оның 373,8 мың гектарына көктемде себіледі. Жыл сайынғы көктемгі дала жұмыстары қызатын күн жақын.