Коронавирус • 02 Сәуір, 2020
Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 12 адам тіркелді
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелдi, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 6 адам, Атырау облысында - 1 адам, Жамбыл облысында - 1 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 02 Сәуір, 2020
АҚШ-та екі аптада 10 миллион адам жұмыссыз қалды
Осы аптада АҚШ-та коронавирустың салдарынан 6,65 миллион адам жұмысынан айрылып, мемлекеттен жәрдемақы алуға өтініш білдірген. Бұл – АҚШ тарихындағы рекорды көрсеткіш.
Президент • 02 Сәуір, 2020
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 02 Сәуір, 2020
Мұнай бағасы Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімді күтуде
Мұнай бағалары Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімнің күтуіне байланысты өсуде. Кеше Brent маркалы мұнай бағасы 8,8% -ға қымбаттады, ал қазір ол тағы 5,78% -ға өсіп, баррелі үшін $ 26,17 деңгейінде тұр. Бұл өсімге АҚШ президенті Дональд Трамптың тараптардың алдағы күндері мұнай бағасына қатысты қандай да бір шешімді пысықтауға болатынына сендірген пікірлері болды.
Руханият • 02 Сәуір, 2020
Тілендиев әндерін тебірене шырқады
Ғасырға жүк боларлық ғаламат туындыларымен қазақ өнеріне қомақты үлес қосқан ән мен күйдің алыбы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 1 сәуір күні 95 жыл толды. Осыған орай, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының бастамасымен Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі және Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының солистері өнердегі әріптестеріне Нұрағаның әндерін орындаудан эстафета жолдады.