Театр • 20 Сәуір, 2017
Тұп-тура 140 жыл бұрын жазылған Лев Толстойдың «Анна Каренина» романынан әр режиссер «өз тақырыбын» тауып, өзінше сахналап келеді. Бүгінде әлемдік классикаға айналған шығарма желісі бойынша тағы бір қойылым көпшілік назарына ұсынылды.
Бокс • 20 Сәуір, 2017
«Батыр мен Абылайханның болашағы алда»
Бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың IBO International белбеуін иеленгенін сүйіншілей хабарлағанбыз. Канаданың Монреаль қаласында өткен жекпе-жекте ол мексикалық тәжірибелі Косме Ривераны мерзімінен бұрын ұтса, тағы бір жерлесіміз Абылайхан Құсайынов та қарсыласынан басым түсті. Сол бокс кешінде осы былғары қолғап шеберінің жанында ақыл-кеңесімен бөлісіп жүрген еліміздің танымал кикбоксшысы Елмұрат Қайыпжановты көзіміз шалып қалды. Өткен ғасырдағы 90-жылдардың соңына қарай кикбоксингтен әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанып, Азия мен Еуропада топ жарған Елмұрат Қайыпжанов соңғы уақытта былғары қолғап шеберлерін даярлауға ден қоя бастаған екен.
Футбол • 20 Сәуір, 2017
«Иртыш», «Тобол»... тіліміз қашан түзеледі?
«Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым...», деп хәкім Абай айтқандай, бұл өзі күнде болмаса да, жыл он екі айда ара-тұра айтылып қалып жүрген әңгіме. Әңгіме болғанда да, қазақтың намысына тиетін, тілін тістетіп жүрген ащылау әңгіме болып тұр. Бірақ, бұған етіміздің үйреніп кеткені соншалықты, бұл күнде былқ етпейтін дәрежеге жеттік...
Парламент • 20 Сәуір, 2017
Астанада ядролық қарусыздану жөнінде конференция өтеді
Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының Бас хатшысы Котта Рамусино Паолоны қабылдады. Кездесу барысында 2017 жылы Қазақстанда Пагуош конференциясын өткізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды parlam.kz