Тағзым • 23 Сәуір, 2025
Әкім ағаның өмірден өтуі – тек оның отбасының қайғысы емес, барша қазақ әдебиетінің қайғысы. Асыл ағамыздың бізден алыстап кеткеніне сене алмай отырмыз.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Ішкі көші-қон қолдаудан кенде болмайды
Кейінгі бес жылда еліміздің халқы тығыз орналасқан өңірлерінен жұмыс күші тапшы облыстарға 48,8 мың адам ерікті түрде қоныс аударған. Оның 14%-ы – Түркістан облысынан. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне қарағанда, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2015 жылдан бері 15 589 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударған.
Тағзым • 23 Сәуір, 2025
Әдебиетіміздің ұлы Абайдан басталған ұзын-сонар көші бар. Сол көштің ең бір ілкімді де ірілер шоғырланған кезеңі 60-жылдар болатын. Сайын Мұратбек, Қалихан Ысқақ, Рамазан Тоқтаров, Қабдеш Жұмаділ, Әкім Тарази ілескен айтулы көш еді бұл. Сол көштің ақыры болып Әкім ағамыз да өзінің ұлы жолына түсіп, бақилыққа бет алыпты.
Алматы • 23 Сәуір, 2025
Алматы ауызсудан тарықпауға тиіс
Бүгінде агломерация есебінен халқы мен аумағы ұлғайған Алматының тозығы жеткен су құбырлары мен кәріз желілерін ауыстыру өзекті мәселеге айналып отыр. Мегаполисті ауызсумен қамту кешенді жұмыстарды талап етеді.
Кітапхана • 23 Сәуір, 2025
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы осы күні тек оқу орнының ғана емес, Астана қаласының да танымал әрі көрікті орталықтарының бірі. Ел аузында «Отырар кітапханасы» аталып кеткен бұл орын – студент пен профессор, ізденуші мен оқытушы, қала тұрғыны мен қонақтар бас қосатын мәдени-ғылыми кеңістік. Қазір университет кітапханасы 1,5 миллионнан астам кітап қорымен, заманауи электронды базасымен әрі кең көлемді оқу залдарымен ерекшеленеді.