Президент • Кеше
Президент Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары кезінде аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • Кеше
Михаил Антонюктің мерейтойына арналған көрменің ашылуы өтті
2025 жылы 11 сәуірде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейде Қазақстанның монументалды өнерінің ең жарқын өкілдерінің бірі Михаил Антонюктің 90 жылдық мерейтойына орай «Өз дәуірінің суретшісі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Талхиз қалашығында фотокөрме ұйымдастырылды
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ортағасырлық Талғар қалажұртында «Тарихы терең Талхиз» атты ақпараттық фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға музейтану саласының мамандары, тарихшы, археолог ғалымдар мен туристік агенттік өкілдері және Талғар қаласындағы №25 орта мектептің оқушылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • Кеше
Ереванда Қазақстанның мәдени күндері басталды
Бүгін Ереванда Армениядағы Қазақстанның мәдени күндері басталды. Бірлескен іс-шараларды өткізу Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға жасаған ресми сапары барысында мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдердің нәтижесінде мүмкін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Президентке Маңғыстау облысындағы инвестициялық жобалар таныстырылды
Өңірдегі ірі инвестициялық жобалар қатарында Ақтау қаласындағы қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы, мультимодальды логистикалық-авиациялық хаб, кеме құрастыру верфі, бекіре балығын өсіру және уылдырық өндіру шаруашылығы, «Бозжыра» визит орталығын салу, сондай-ақ аммиак-карбамид кешенін іске қосу секілді елеулі жобалар бар, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.