Экономика • 24 Мамыр, 2025
23 мамырда Қытайдың батысындағы ең ірі мегаполистердің бірі — Чунцин қаласында Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтті. Шараны ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырып, Қытай халықаралық сауданы дамыту жөніндегі кеңесінің Чунцин комитетімен (CCPIT Chongqing) бірлесіп жүзеге асырды.
Кино • 24 Мамыр, 2025
Кинематография: ілгерілеу мен кешенді іс
Биыл экранға 6 киножоба, соның ішінде анимациялық және деректі фильм шығады. Алдағы жылы – 2024 жылы іріктелген 12 жоба аяқталады. Бұл туралы кеше Қазмедиа орталығында Қазақстан киноиндустриясының дамуына арналған брифингте Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті кинематография басқармасының жетекшісі Ғани Мұратов мәлімдеді.
Басылым • 24 Мамыр, 2025
Бала шақ пен болашақтың алтын көпірі
Алматы қаласында қаламгер қауым тағылымды естеліктермен өрілген мазмұнды іс-шараларға куә болды. «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ұлан» газетінің 95 жылдық мерейтойы «Мысль» журналының 105 жылдығымен сабақтасып, оны «Ana tili» газетінің 35 жылдығы жалғады. Осылайша, мазмұнды мерейтойлар легі «Aq jelken» журналының 100 жылдығымен түйінделді.
Білім • 24 Мамыр, 2025
Міне, тағы бір оқу жылы мәресіне жетті. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2024–2025 оқу жылын еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтап жатыр. Олардың ішінде 217 мың оқушы мектеппен қоштасып, түлек атанды. 23 мамыр – ресми түрде барлық мектеп үшін соңғы оқу күні болып бекітілген. Осы күні республика көлемінде бірыңғай форматта «Білімім – Отаныма» атты сынып сағаты ұйымдастырылды. Айтулы күнде біз Астана қаласындағы Абай атындағы №87 мектеп-гимназиясына арнайы барып, соңғы оқу күніне қатысып қайттық.
Мектеп • 24 Мамыр, 2025
Ақжайықта жаңарған мектеп көбейді
Батыс Қазақстан облысында барлық мектеп «Білімім – Отаныма!» атты республикалық сынып сағатын өткізді. Бұл – әсіресе 11 сыныпты тәмамдап, үлкен өмірге қадам басатын 7095 түлек үшін сезімге толы әсерлі сәт.