Кәсіпкер • 24 Мамыр, 2025
Кәсіпкерліктің ауқымы кеңейіп келеді
Бүгінде бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің бірнеше тетігі бар. Оның бірі – кешенді бағдарлама шеңберінде іске асатын бизнестің жол картасы мен қарапайым заттар экономикасы. Қазір жол картасы негізінде дайындалған бағдарламаның арқасында кәсіпкерлердің өрісі кеңіді.
Ауыл • 24 Мамыр, 2025
Тарихқа жүгінсек, «Ауыл» партиясын құру идеясын академик Ғани Қалиевке мен айтқан едім. «Екеуміз де «Отан» партиясынан шығайық. Альтернатива, демократия, бәсекелестік керек. Біз ғалымбыз, ал ғылым келешекті болжай біледі. Халқымыздың жартысы ауылда, тегіміз де ауыл», деген оймен бөлістім. Сонымен құратын болдық, жұмыс жүріп жатыр. Ғ.Қалиев ғылыми зерттеу институттарын, ғалымдарды тартуды мойнына алды. Мен құжаттарды, партияның бағдарламасын дайындап, зиялы қауымды ұйымдастыратын болдым.
Денсаулық • 24 Мамыр, 2025
Денсаулық апталығы қорытындыланды
Газетіміздің өткен санында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия бастап, Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатқанын хабарлаған едік. Енді, міне, ұлт саулығына, ұрпақ амандығына үндеген апталықтың қорытындысы жарияланды.
Сұхбат • 24 Мамыр, 2025
Равиль ШЫРДАБАЕВ: Алдағы уақытта да мұнай мен газ өзектілігін жоймайды
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевтың өмір жолы өнегеге толы. Шалғайдағы ауылдан шыққан қарапайым қазақ баласы талай белесті бағындырды. Түрлі жоғары лауазымды қызметті абыроймен атқарды. Отандық мұнай саласын жаңаша дамытты. Дипломатия саласында да қолтаңбасын қалдырды. Парламент төрінде елдің сөзін сөйледі. Ғылым биігіне көтеріліп, экономика ғылымдарының докторы, профессор атанды. Қысқасы, айтулы тұлға ел тәуелсіздігінің іргесін нығайтуға сүбелі үлес қосты. Біз Равиль Тәжіғараұлымен өмірі мен еңбек жолы, еліміздегі мұнай саласының дамуы мен тәуелсіздігіміздің нығаюына үлес қосқан кезеңдерге тоқталып, әсерлі әңгіме өрбіткен едік.
Қоғам • 24 Мамыр, 2025
Баспана кезегінің жаңа жүйесі оrken.otbasybank.kz іске қосылды
Бүгіннен бастап 18 жасқа толған, жеке үйі жоқ еліміздің әр азаматы баспана кезегіне тұра алады. «Отбасы банкінің» «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі қағазбастылықты біршама жеңілдетпек. Енді тұрғын үйдің кезегіне тұру үшін күні бұрын қамданып, әкімдік ғимаратының есігін қағудың қажеті болмайды. Үйінде отырып-ақ онлайн негізде үй кезегіне тіркеледі.