Білім • 23 Мамыр, 2025
Әне-міне дегенше, оқу жылы да тәмамдалып қалды. Алда – жазғы демалыс. Оқушылардың каникулын қызықты, ең бастысы қауіпсіз ұйымдастырудың жолдары қайсы? Ата-аналар мен балалар жаз уақытын көңілді, маңыздысы ештеңеге ұрынбай, алаңсыз өткізуі үшін нені білуі керек? Бұған қандай жұмыс жүргізіліп жатыр?
Айбын • 23 Мамыр, 2025
Сардарлардың біліктілігі қандай?
Әлемдегі қазіргі аумалы-төкпелі, алмағайып кезеңде еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту – күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 5 мамырда болған Бүкілармиялық кеңесте сөйлеген сөзінде жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіру қажеттігіне тоқтала келіп: «Қазіргі заманда әбден машықтанған сарбаздар ғана тиімді ұрыс жүргізе алады. Сондай-ақ сардарлардың біліктілігі айрықша рөл атқарады. Әсіресе, орта және төменгі буындағы басшылардың кәсіби дайындығы жоғары болуы шарт», деп атап айтқан еді.
Руханият • 23 Мамыр, 2025
«Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа шығару үшін адамның екі құралы бар – біреуі ым-мимика, біреуі сөз. Ым – ішкі сезім «тілі». Ойдың тілі – сөз», депті Мағжан. Бұл дәйек, белгілі ғалым, профессор Дандай Ысқақұлының «Сөз – әлем әміршісі немесе рухани күш-қуаттың қайнар көзі» деген танымдық кітабын бір сүзіп шыққаннан кейін ойға оралып еді.
Пікір • 23 Мамыр, 2025
Қазақ ономастикасы: Құрылтайдан түйген тұжырым
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай алаңында ономастикаға қатысты айтқан нұсқалы ой-пікірлері бәрімізді, әсіресе тіл зерттеушілер қауымын ойландырмай қойған жоқ. Президентіміз айтқандай, халықтық атауларды толық пайдалана алмай жүргеніміз де, жаңа мекен аумағында бой көтерген қалалар мен аудандарда қайталанатын атаулардың кездесе беретіні де ойландыратын жайт. Осыған орай, кейбір ойды ортаға салуды жөн көрдік.
Келешек мектептері • 23 Мамыр, 2025
«Келешек мектептердің» қатары көбейеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өңірлердегі үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы білім ордаларының мәселесін түбегейлі шешуді көздейді. Президент аталған санаттағы білім нысандарының мәселесі 2025 жылы толықтай шешімін табуы тиіс екенін бірнеше жыл бұрын шегелеп тапсырғаны баршаға белгілі.