Балалар • 23 Мамыр, 2025
Мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам десек, зүбәржат тасы – бала. Оның амандығы мен ертеңгі еркін өмірі бәріміздің мойнымызда. Жас ұрпақтың жанарындағы жалынды жаға білу – басты парызымыз. Ол үшін баланың көңіл күмбезіне баса-көктеп кірмей, таным табалдырығын әдеппен аттау керек. Осындай ізгі ниетпен мемлекетіміз балаларға, олардың құқының қорғалуына баса назар аударып отыр. Мәселен, 22-30 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Биыл бұл бастама «Қазақстан балалары» деген ортақ ұранмен өтіп жатыр.
Тұлға • 23 Мамыр, 2025
Қазақ қай кезде ән мен күйден, әнші мен композитордан кемшілік көріп еді? Абай, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса... Ойға оралмағандары қаншама. Олардың бүгінгі ата дәстүрін жаңғыртып, домбыраның құлағында ойнап, салқар даланы әнмен әлдилеп, жылағанды жұбатып, қуанғанның қуанышын бөлісіп, алға жылжуды ғана мақсат тұтатын өнерпаздарымызды бір-бірінің аты-жөндерін шатастырмай, саусақ бүгіп санап бере аласыз ба? Әділдікпен бетпе-бет келгенде, «Хэмингуэйдің жасындай» елуден аса берген санаулы ғұмырында жүзден астам эстрадалық әндер жазған және ол туындылары күн өткен сайын халық жадынан шықпастай боп жымдасып, кез келген сахнадан үздіксіз айтылып жататын қандай композитордың есім-сойын атайсыз десем, сіз кімге тоқтар едіңіз?
Басылым • 23 Мамыр, 2025
Ақпарат кеңістігіне енген күннен бастап ұлттық баспасөздің туын абыроймен арқалап келе жатқан республикалық «Ana tili» газеті ойлы оқырманның айнымас сырласына айналды. Ел тарихы мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты өткір мәселелерді батыл көтеріп жүрген оның әр саны елдік мүдде мен ұлттық болмыстың үнпарағы десек, артық болмас. Алматыдағы бас кітапханада басылымның 35 жылдығына арналған «Егемендік пен елдіктің еңселі мінбері» атты дөңгелек үстел өтіп, газеттің ұлт руханиятындағы рөлі, егемендік жылдарындағы ақпараттық-рухани күрестегі орны мен болашақ бағдары байыпталды.
Экономика • 23 Мамыр, 2025
Өсім бар, өрістете алсақ игі...
Ел экономикасында 2025 жылғы қаңтар-сәуірде оң нәтиже байқалды. Өткен жылы осы кезеңде өсім көрсеткіші 3,4 % болса, биыл 6%-ды құрады. Енді бұл көрсеткішті қалай сақтаймыз, алдағы уақытта қандай қауіп болуы мүмкін? Осы мәндегі сауалдарға біршама жауап іздеп көрдік.
Энергетика • 23 Мамыр, 2025
Жаңғырмалы энергия көздері жаңарады
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар басшылығы, энергетика секторы компаниялары және энергетика саласындағы сарапшылардың қатысуымен жаңғырмалы энергия көздерін (ЖЭК) дамыту мәселелеріне арналған Энергетикалық кеңестің отырысын өткізді.