Білім • 23 Мамыр, 2025
«Білімім – Отаныма» сынып сағаты өтті
Міне, тағы бір оқу жылы мәресіне жетті. 23 мамыр – ресми түрде барлық мектеп үшін соңғы оқу күні болып бекітілген. Осы күні республика көлемінде бірыңғай форматта «Білімім – Отаныма» атты сынып сағаты ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Мамыр, 2025
Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау және жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айбын • 23 Мамыр, 2025
Шекара – елдің кіре берісі, абыройдың асқар биігі
Қазақстан – ұлан-ғайыр атырапқа жайылған, төрт тарапқа теңескен кең байтақ ел. Оның әрбір тас жолы, әрбір шекара сызығы – тәуелсіздігіміздің тірегі, тыныштығымыздың қамалы. Ал осы шекара шебінде жүріп, халқымыздың мамыражай тірлігін қамтамасыз ету – мен сияқты мыңдаған сарбаздың, офицердің қасиетті борышы.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Біз әкемізді көке деп атап өстік. Көкем Байдалы топқа кіріп, сөз ұстаған кісі болмаса да арғы-бергі жақтан хабары мол жан еді. Еңбекпен жетілген, шаруасына мығым әкем сөйлегенде тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді, түрлі нақылдарды кеңінен әрі орнымен қолданатын. Жарықтықтан бұрын-соңды құлағым шалмаған, кітаптардан кездестірмеген талай мақал-мәтелді естіп қалатынмын... Қазақ арасында жиі айтылатын, арғы астарында не жатқаны белгісіз бірсыпыра сөзді тәпсірлеп, зерделеп айтқандары жадымда мықтап сақталып қалғаны бар. Солардың бірі – «Найман қу ма, сайтан қу ма?» деген сөз.
Заң • 23 Мамыр, 2025
Тұлға еңбегі насихатталуы керек
Алаштың алғашқы конституциясы деп бағаланған «Қазақ елінің уставы» еңбегінің авторы Барлыбек Сырттанұлы туралы біреу білсе, біреу білмейді. 20 ғасыр басындағы рухани, саяси элита шоғырында ерекше аталатын тұлға қазіргі Ата заңымыздың негізін қалаған. Оның бұл еңбегі - Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сынды құқықтық нормалардың жаңғырығы, деп жазады Egemen.kz.