Әдебиет • 31 Мамыр, 2025
Қаз мойын, саз омырау қоңыр домбыра сылқылдап жағаны сүйіп жатқан қамысты айдыннан көтеріле барып, сұңқылдап алып жөнелгендей. Дауыс салып бара жатқан домбыра ма, қоңыр қаз ба, белгісіз, әйтеуір жанды елес бейне. Қоңыр қаздың қос қанатын керіп, айдыннан аспанға көтерілгенін көрсеңіз, домбырадан бір айырмасы болсашы, шіркін.
Өнер • 31 Мамыр, 2025
Дүниені дүрліктірген «Қыпшақ биі»
Паһ шіркін!Еуропаны елеңдетіп, паң Парижді пай-пайлатқан осынау өнер туындысы ойға оралса, өн-бойымыз өзгеше күйге еніп, кеудемізді керемет сезім кернейді. Өйткені оның кейіпкерлері – біздің бабаларымыз. Бір заманда Еуразия ендігінде Дешті қыпшақтың десі басым болғаны баяғыдан белгілі. Асқақ Алтайдан асау Дунайға дейінгі аралықта ат ойнатып, қайқы қылыштарымен қарсы келген жауларын қоғадай жапырған бұл жауынгер халық жайында тасқа басылған тарихи деректер де, ауызша айтылатын аңыз-ертегілер де жетіп артылады. Олардың дүрілдеген даңқын жаулаған елдерінің ақындары да дәріптеп жырға қосқан. Солардың маңдай алдында орыс фольклорының мақтанышы – «Игорь жасағы туралы жыр» тұрғаны талас тудырмайды.
Балалар • 31 Мамыр, 2025
Абзал – елімізден шыққан нағыз вундеркинд атанған ерекше бала. Ол небәрі 12 жасында мектепті уақытынан бұрын бітіріп, Қазақ-Британ университетіне оқуға түскен.
Заң мен Тәртіп • 31 Мамыр, 2025
Түзелуге ниетті адам қолдаусыз қалмайды
Қазір өз ортасына оралып, өмірін қайта бастағысы келетіндер үшін мүмкіндік мол, яғни түзелуге кедергі жоқ. Осы орайда Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) №55 түзеу мекемесі жұмысын мысал ретінде айта кетсек. Бұл мекеменің ерекшелігі – бірінші рет бас бостандығынан айыру жазасына кесілген, тиісінше қылмыстық субмәдениеттің ықпалына азырақ ұшыраған адамдар жазасын өтейді.
Спорт • 31 Мамыр, 2025
Бангкокта «Таиланд Оупен 2025» турнирінің ширек финалында көпшілік күткен жекпе-жек 65 кг салмақта өтті. Бұл бәсекеде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Қырғыз Мұнарбек Сейітбекұлын ұтты. Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг) жапониялық Сейджуро Мидзогутиді жеңді. Нұрзат Оңғаровтың (50 кг) оңтүстікореялық Таегюн Юннан, Диас Молжігітовтің (80 кг) индонезиялық Майхел Роберд Мускитен мысы басым түсті. Гүлназ Бөрібаева (48 кг) украиналық Ольга Шалимоваға есе жіберді. Жартылай финалдың алғашқы күні жерлестеріміз сәтсіз өнер көрсетті. Н.Алтынбек пен Д.Бекбауов ринг қожайындарынан ұтылды. Данияр Рақымбердинов (90 кг) қытайлық Хан Сюженьге жол берді. Виктория Графеева (60 кг) мен Гүлсая Ержан (80 кг) өз қарсыластарын қапы қалдырды.