Президент • 26 Мамыр, 2020
Алматыдағы көлік апатынан көз жұмған екі полицей «Айбын» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы қызметтік борышын атқару үстінде көз жұмған полицейлерді «Айбын» орденімен наградтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 26 Мамыр, 2020
Жастар кадр резервінің мүшесі лауазымды қызметке тағайындалды
Кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Түркістан облысы департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Ғанижан Асанұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің директоры болып тағайындалды.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2020
Карантин кезінде балмұздақ сатылымы өскен
Қазақстанда өзін-өзі оқшаулау кезінде балмұздақ сатылымы айтарлықтай өскен. «Шин-Лайн» балмұздақ өндіруші компаниясының хабарлауынша, ағымдағы жылдың сәуірінде салыстырмалы кезеңге қарағанда балмұздақ сату көлемі 14 пайызға, ал түсім 39 пайызға артқан. Компания мәліметтеріне сәйкес, балмұздақты тұтынудың өсуі бойынша Қазақстандық қалалардың тізімінде бірінші сатыда бас қалалар – Нұр-Сұлтан мен Алматының тұтынушылары тұр. Нұр-Сұлтанда балмұздақ тоннада 28 пайызға, түсім 53 пайызды құраған. Алматыда сатылым 18 пайызға артып, түсім 41 пайызды құраған.
Әдебиет • 26 Мамыр, 2020
Гомер күлкісі Үлкен әдебиеттің қуанышы да, қайғысы да үлкен болады. Ұлы шығармалар уағында ұлықталады. Ұсақтық мансұқталады. Адамдар емес, идеялар майдандасады. Адамдар емес, ағымдар бірігеді. Ал жеңіске әдебиет жетеді. Көзқарастар күшеншектіктен тумайды. Пікірлер пайдакүнем емес.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2020
Түркістан облысында еліміздегі алғашқы мұнай-химия комбинаты салынады
Түркістан облысы Ордабасы ауданында мұнайды терең өңдеу арқылы мұнай-химия және көмірхимиялық комбинат өнімдері алынатын екі жоба жүзеге асырылады.