Жасанды интеллект • 22 Мамыр, 2025
Адам & жасанды интеллект: Дуэт пе, дуэль ме?
«Интеллект» және «зияткерлік мінез-құлық» ұғымдарының көпшілікпен мақұлданған толық анықтамасы әлі күнге дейін табылған жоқ. Мұның себебі – адам санасы мен оның ойлау жүйесінің асқан күрделілігінде.
Тұлға • 22 Мамыр, 2025
«Сөзінің салмағы бар қорғасындай»...
Белгілі қаламгер, соның ішінде өзін бірінші кезекте журналист деп санайтын Оңдасын Елубайды танып-біле бастағаныма алпыс жылға жақындап қалыпты-ау! Онымен халқымыздың маңдайына басқан бірден-бір білім ордасы – ҚазМУ-дың журналистика факультетінде қатарлас оқып, аталған жоғары оқу орнының Виноградов (қазіргі Қарасай) көшесіндегі жатақханасында бірге тұрған едік.
Ұлттық спорт • 22 Мамыр, 2025
«Ұлы дала жорығы» мәреге жетті
Кең даланы тұлпарлардың төрт тұяғы дүбірлеткен халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025» марафон-бәйгесі өз мәресіне жетті. «Amanat» партиясының қолдауымен Алматы облысы әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған аламан бес күнге созылды.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Құқықтану – қоғамды өзгерту құралы
Бүгінде құқықтық жүйе жаңарып, қоғам алдында жаңа міндет қойылып отыр. Осы тұста заң ғылымының ұңғыл-шұңғылын жетік меңгеріп қана қоймай, оны жаңаша биікке көтеріп жүрген зерттеушілердің орны бөлек. Міне, солардың бірі – жас заңгер, ғалым және қоғам белсендісі Диана Көшенова.
Ғалам ғажаптары • 22 Мамыр, 2025
Қазір Италияның әйгілі Милан консерваториясы ұлы композитор Джузеппе Вердидің есімімен аталады. Бірақ бір қызығы, дәл осы оқу орны 1833 жылы оны қабылдамай қойғанын біреу білсе, біреу білмейді.