Жемқорлық • 21 Мамыр, 2025
Салық төлеуден жалтарған мұнай компаниясының директоры сотталды
Маңғыстау облысында «Кезби» мұнай сервистік компаниясының директоры Ержан Кезбаев аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны және салықтан жалтарғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 21 Мамыр, 2025
Өндіріс – бір жақта, білім – бір жақта: Тарифтік анықтамалық неге жаңармай келеді?
Жуырда Мәжіліс қабырғасында еліміздегі жұмысшы мамандықтарына арналған Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалықтың (БТБА) осы күнге дейін жаңартылмағаны туралы өткір мәселе көтерілді. Бұл құжаттың соңғы рет қайта қаралғанына 35 жыл болған. Содан бері өндірістік процестер, еңбек нарығы мен технологиялық жүйелер түбегейлі өзгерді, ал жұмысшыларды даярлау жүйесі сол ескі талаптармен жұмыс істеп отыр. Бүгінгі таңда көптеген мамандықтар цифрландырылып, автоматтандырылған. Жаңа өндірістік стандарттар, еңбек құралдары, технологиялық талаптар енгізілді. Бірақ білім беру жүйесі мен өндіріс арасындағы байланыстың әлсіздігі, сондай-ақ ескі тарифтік негіз кәсіби дайындықтың сапасына кері әсер етіп отыр. Бұл мәселе тек техникалық кадрлар дайындауға ғана емес, еңбек нарығының тиімділігіне, жалақыны әділ бағалауға, жұмыс сапасына тікелей әсер етеді. Мұндай жағдайда негізгі сұрақ туындайды: Ескі жүйеден арылып, кәсіби білім мен өндіріс арасындағы алшақтықты қалай жоямыз? Кәсіптік стандарттар заман талабына сай ма? Жұмысшы мәртебесін арттыру үшін қандай нақты шаралар керек? Осы және өзге де маңызды мәселелер төңірегінде Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіровке бірнеше сауал жолдаған едік.
Спорт • 21 Мамыр, 2025
Жеңімпаз балуанға білім гранты берілді
Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Рымтай Ізбастыұлын еске алуға арналған турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Ел азаматтары маусым айында неше күн демалады
Биыл Құрбан айт мерекесі 6 маусымға сәйкес келеді. Алайда діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескеру қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 21 Мамыр, 2025
Ірі жобалардағы ілгерінді істер
Президент тапсырмасымен іске асырылып жатқан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ірі жобасы – полиэтилен өндіретін зауыт. Биыл толық көлемдегі құрылыс жұмыстары басталды, деп жазады Egemen.kz.